«Қыздар білуі тиіс...» атты іс – шара өткізілді.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастыруымен, 22.12.2023 жылы мектебіміздің 10 «А» сынып қыздары мен аналарының қатысуымен «Қыздар білуі тиіс...» атты іс – шара өткізілді. Іс- шарамыздың негізгі мақсаты: ата – аналарды педагогикалық қолдау, өзіміздің сүйікті қыздарымызбен бос уақытымызды өзара бірге ұйымдастыруға баулу, еліміздің ұлттық құндылықтарын болашақ ұрпағымыздың бойына сіңіру. Қазақ халқы ежелден қолөнер бұйымдарын ерекше бағалаған, ұрпаққа мұра және мақтаныш қылған.