23
декабрь
2023
«Әжелер, аналар, жеңгелер" клубының жоспарына сәйкес «Қыздар білуге тиіс...» атты тәлімі мол іс — шара өткізілді.
2023 жылдың 22 желтоқсан күні «Абай атындағы көпсалалы мектеп—гимназиясы» КММ-де «Ата—аналарды педагогикалық қолдау орталығы» бағдарламасы негізінде құрылған «Әжелер, аналар, жеңгелер" клубының жоспарына сәйкес, «Жеңгелер мектебі» мүшелері және 10«ә» сынып қыздарымен(сынып жетекшісі Е.А.Смагулова) ұйымдастырылған «Қыздар білуге тиіс...» атты тәлімі мол іс — шара өткізілді. Іс — шара барысында қыздардың жеңгелері шелпек илеудің жолдарымен таныстырып, пісіруді үйретті. Нан илеу барысында қыздар тарапынан ұлттық тағамдарға байланысты бірнеше сұрақтар қойылып, жеңгелер өз тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп — гимназия директоры А. С. Матанова қыз тәрбиесіне зор үлесін қосқан жеңгелерге арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыстады.(Кисикова Нұрсұлу, Елсін Сағи, Мухамеджанова Мөлдір, Айғазыева Мергүл) Жыл көлемінде «Жеңгелер мектебі» жоспарына сәйкес іс—шаралар жалғасын табады.







