Жетістіктеріміз » "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Абай атындағы көпсалалы мектеп - гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 4765695
Есепші бөлімі:
+7(723) 4765694
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Менің сайтым" облыстық бейнероликтер байқауы
28
март
2025
"Менің сайтым" облыстық бейнероликтер байқауы
Педагог-психологтердің шығармашылық әлеуетін жандандыру, сапалы білім беруде ақпараттық кеңістікті дамыту, интернет- технологиялармен жұмысты дамыту, қазіргі заманғы желілік технологияларды сапалы пайдалануға ынталандыру мақсатында  білім беру ұйымдарының педагог-психологтеріне арналған "Менің сайтым" облыстық бейнероликтер байқауында мектебіміздің педагог-психологі Жолғазинова Мақпал Женісқалиқызы жүлделі 2 орынды иеленді.
17 сәуір 2024 жылы Абай ауданы, Қарауыл ауылында ұлағатты ұстаз Сүлейменов Рысбек Бекенұлын еске алуға арналған мұғалімдер арасында МИКС волейболдан өткен аудандық ашық біріншілігіне мектебеміздің мұғалімдері қатысып, жүлделі 3 орынға иеленді
18
апрель
2024
17 сәуір 2024 жылы Абай ауданы, Қарауыл ауылында ұлағатты ұстаз
17 сәуір 2024 жылы Абай ауданы, Қарауыл ауылында ұлағатты ұстаз Сүлейменов Рысбек Бекенұлын еске алуға арналған мұғалімдер арасында МИКС волейболдан өткен аудандық ашық біріншілігіне мектебеміздің мұғалімдері қатысып, жүлделі 3 орынға иеленіп, 50.000 теңге сертификат ұтып алды. Жарыста «Үздік ойын көрсеткені үшін» мектебіміздің математика пәні мұғалімі Рамазанова Қарлығаш Русланқызы марапатталып, 5000 теңгелік сертификатқа ие болды.
Аймақтық спартакиадада волейбол ойынынан  ұлдар мен қыздар командасы жүлделі 1 орынды иеленіп, аудандық кезеңге жолдама алды
18
март
2024
Аймақтық спартакиадада волейбол ойынынан ұлдар мен қыздар командасы
Бүгін,  мұғалімдер арасында өткен аймақтық спартакиадада волейбол ойынынан  ұлдар мен қыздар командасы жүлделі 1 орынды иеленіп, аудандық кезеңге жолдама алды
«Қазақстан балалары шексіз әлемде» балалар киносының  республикалық фестивалінің «Ойынды кино» номинациясы бойынша: ІІ орын, жетекшісі Кулдрайханова Т.С.
14
март
2024
«Қазақстан балалары шексіз әлемде» балалар киносының республикалық
Білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Қазақстан балалары шексіз әлемде» балалар киносының  республикалық фестивалінің аудандық кезеңі онлайн форматта өткізілді.  Мақсаты: кинематография арқылы білім алушылардың бойына моральдық -адамгершілік, эстетикалық және әдеп құндылықтарды қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің рухани, зияткерлік және шығармашылық дамуына ықпал ету, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау, балаларды қосымша біліммен қамту.  Фестивальдің аудандық кезеңіне
Ұстаздарымыз Жарма ауданы білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
07
март
2024
Ұстаздарымыз Жарма ауданы білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен осы жылы алғаш рет өткізілген ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған олимпиадада мектебіміздің 3 оқушысы Республикалық кезеңде жақсы нәтиже көрсеткені үшін жетекшілері биология пәні мұғалімі Г.К.Нұрахметова, география пәні мұғалімі Г.М.Шакаева, тарих пәні мұғалімі М.Е.Асылбекова Жарма ауданы білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды. Ұстаздарға шығармашылық жетістік, толағай табыс тілейміз.
Жалпы командалық есеп бойынша орта мектептер арасында мектебіміз жүлделі I орынға ие болды
29
февраль
2024
Жалпы командалық есеп бойынша орта мектептер арасында мектебіміз
Наурыз айының 28-29 күндері аралығында ұжымдық береке-бірлікті, ынтымақтастықты нығайту мақсатында Жарма ауданы білім бөлімінің ұйымдастырумен өткен білім беру мекемелері мен мектепке дейінгі ұйымдардың мұғалімдері мен тәрбиешілері арасында аудандық XXIV спартакиадада мектебіміздің ұстаздары үстел теннисі жарысында II орын, қыздар арасында қол күрестен II орынды, ұлдар және қыздар арасында өткен волейбол жарысынан I орынды иеленді. Жалпы командалық есеп бойынша орта мектептер арасында
"Математикалық регата " республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі
28
февраль
2024
"Математикалық регата " республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі
Абай облысының білім басқармасы "Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы" КММ 2024 жылдың 28 ақпан күні ҚР оқу ағарту министрлігінің "Дарын" Республикалық ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен педагогтердің кәсіби қызметінде жоғары нәтижеде жетуде ұмтылысын  арттыру, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді анықтау, оларды қолдау мақсатында математика пәні мұғалімдеріне арналған "Математикалық регата " республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне мектебіміздің мұғалімдері
"Ақ шағала" байқауы
27
февраль
2024
"Ақ шағала" байқауы
Оқушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, мәдени құндылықтарға, халық дәстүрлеріне, би мәдениетіне құрмет сезімдерін арттыру мақсатында өткен республикалық "Ақ шағала" байқауының аудандық кезеңіне мектебіміздің "Іңкәр" бишілер тобы  қатысып, жүлделі 3 орынға ие болды. Марапат иелерін құттықтаймыз! #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
«Үздік сынып жетекші-2024» облыстық байқауының аудандық кезеңі
26
февраль
2024
«Үздік сынып жетекші-2024» облыстық байқауының аудандық кезеңі
2024 жылдың 26 ақпанында Георгиевка орта мектебінде «Үздік сынып жетекші-2024» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Мақсаты: жалпы білім беру мекемелеріндегі сынып жетекшілерінің шығармашылық ой-өрісін дамыту, кәсіби деңгейін өсіру, сыныптық ұжымның ата-аналарымен белсенділік жұмыстарын шыңдау, жалпы сынып жетекшісінің қәсіби құзыреттілігін арттыру.  Байқауға жалпы білім беру мекемелерінен 31 сынып жетекші қатысты.  Байқау 3 кезең бойынша өткізілді:  1. «Мен -сынып жетекшісімін»
«Үздік ауыл мұғалімі» облыстық конкурсынан математика пәні мұғалімі Оразақынұлы Нүрсейіт қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.
31
январь
2024
«Үздік ауыл мұғалімі» облыстық конкурсынан математика пәні мұғалімі
2024 жылдың 30 қаңтар күні облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Үздік ауыл мұғалімі» облыстық конкурсы өткізілді.  Конкурстың мақсаты: ауылдық елді мекендегі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби шеберліктерін шыңдау, ғылыми-әдістемелік жұмыстарын белсендіру, іс-тәжибелерімен бөлісуге жағдай жасау. Конкурсқа мектебімізден математика пәні мұғалімі Оразақынұлы Нүрсейіт қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Жеңімпазды жеңісімен құттықтаймыз!