05
январь
2024
Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 8-сынып оқушылары арасында «20 минут оқы да, 3 минут эссе жаз» атты кітап оқу акциясы өткізілді
Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінесің. Осыған орай, оқушылардың қысқы демалысын тиімді өткізу мақсатында «Қыста кітап оқимыз, жадымызда тоқимыз» атты іс-шаралар жоспарына сәйкес мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 8-сынып оқушылары арасында «20 минут оқы да, 3 минут эссе жаз» атты кітап оқу акциясы өткізілді. Мақсаты: көркем әдебиетке деген оқушылардың қызығушылығын арттыру және кітап оқуға машықтандыра отырып, қажетті материалды іріктеп алуға үйрету, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптей білуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар көркем шығармадан 20 минут үзінді оқыды. Берілген уақыт аяқталған соң оқыған шығармадан алған әсерлерін эссе жазу арқылы жеткізді. Жазылған эссе бойынша оқушылардың қысқа уақыт аралығында шығармадан алынған үзіндіні өз деңгейінде жақсы меңгергендіктері аңғарылды.





