Біз туралы » "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Абай атындағы көпсалалы мектеп - гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 4765695
Есепші бөлімі:
+7(723) 4765694
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Менің сайтым" облыстық бейнероликтер байқауы
28
март
2025
"Менің сайтым" облыстық бейнероликтер байқауы
Педагог-психологтердің шығармашылық әлеуетін жандандыру, сапалы білім беруде ақпараттық кеңістікті дамыту, интернет- технологиялармен жұмысты дамыту, қазіргі заманғы желілік технологияларды сапалы пайдалануға ынталандыру мақсатында  білім беру ұйымдарының педагог-психологтеріне арналған "Менің сайтым" облыстық бейнероликтер байқауында мектебіміздің педагог-психологі Жолғазинова Мақпал Женісқалиқызы жүлделі 2 орынды иеленді.
Қанипа Бітібаева атындағы  қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиаданың  облыстық кезеңінен Жанахмет Мадина жүлделі ІІІ орынға ие болды.
25
апрель
2024
Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша
2024 жылдың  12 сәуірінде  Семей қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №37 гимназиясының базасында Қазақстан республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Бітібаева атындағы  қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиаданың  облыстық кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан республикасының дарынды  оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Бітібаеваның өмірі мен шығармашылық  мұрасын насихаттау.   Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. 
17 сәуір 2024 жылы Абай ауданы, Қарауыл ауылында ұлағатты ұстаз Сүлейменов Рысбек Бекенұлын еске алуға арналған мұғалімдер арасында МИКС волейболдан өткен аудандық ашық біріншілігіне мектебеміздің мұғалімдері қатысып, жүлделі 3 орынға иеленді
18
апрель
2024
17 сәуір 2024 жылы Абай ауданы, Қарауыл ауылында ұлағатты ұстаз
17 сәуір 2024 жылы Абай ауданы, Қарауыл ауылында ұлағатты ұстаз Сүлейменов Рысбек Бекенұлын еске алуға арналған мұғалімдер арасында МИКС волейболдан өткен аудандық ашық біріншілігіне мектебеміздің мұғалімдері қатысып, жүлделі 3 орынға иеленіп, 50.000 теңге сертификат ұтып алды. Жарыста «Үздік ойын көрсеткені үшін» мектебіміздің математика пәні мұғалімі Рамазанова Қарлығаш Русланқызы марапатталып, 5000 теңгелік сертификатқа ие болды.
"Менің Отаныма- менің бастамам" шығармашылық жобалар байқауының аудандық кезеңіне мектебіміздің 10-сынып оқушысы Ғабасова Ажар "Менің ашық университеттерім" бағамы бойынша қатысып,  І орынға ие болды.
17
апрель
2024
"Менің Отаныма- менің бастамам" шығармашылық жобалар байқауының
2024 жылдың 12 сәуір күні Қазақстан азаматын базалық ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мақсатында өткен  республикалық "Менің Отаныма- менің бастамам" шығармашылық жобалар байқауының аудандық кезеңіне мектебіміздің 10-сынып оқушысы Ғабасова Ажар "Менің ашық университеттерім" бағамы бойынша қатысып,  І орынға ие болды.  Облысқа жолдама алған оқушымызды құттықтап, сәттілік тілейміз!  Жетекшісі Муратова Айнара Мирланқызы.
13.04.2024 жылы мектебіміздің ұстаздарынан тұратын еріктілер Жаңаөзен ауылы маңында орналасқан "Мейірім" лагеріне барып, өз көмектерін көрсетті.
14
апрель
2024
13.04.2024 жылы мектебіміздің ұстаздарынан тұратын еріктілер Жаңаөзен
13.04.2024 жылы мектебіміздің ұстаздарынан тұратын еріктілер Жаңаөзен ауылы маңында орналасқан "Мейірім" лагеріне барып, өз көмектерін көрсетті.  Ер азаматтары  ауланы қоқыстан тазартса, қыздар қауымы ішкі бөлмелерін ақтап, тазалық жұмыстарын жүргізді. Біздің күшіміз-бірлікте! Мұндай шаралар әлі де өз жалғасын табары анық. Жақсылық жасап, жарысайық
2024 жылдың 10 сәуір-11 сәуір  күндері «Бұрымды қыз» жобасы аясында мектебіміздің 5—11 сынып қыздарына ақпараттық - түсіндірме жұмыстары өткізілді.
12
апрель
2024
2024 жылдың 10 сәуір-11 сәуір күндері «Бұрымды қыз» жобасы аясында
2024 жылдың 10 сәуір-11 сәуір  күндері «Бұрымды қыз» жобасы аясында мектебіміздің 5—11 сынып қыздарына ақпараттық - түсіндірме жұмыстары өткізілді. Мектеп оқушылары арасында сауалнама жүргізіліп,   қатысушылар өздерінің ой - пікірлерін білдірді.
«Ғарышкерлер күні» байқауының облыстық кезеңінен даярлық сынып тәрбиеленушісі Акаева Амина ІІ орынға ие болды.
05
апрель
2024
«Ғарышкерлер күні» байқауының облыстық кезеңінен даярлық сынып
2024 жылдың 3 сәуірінде мектепке дейінгі ұйымдар, мектепалды топтар мен сыныптарының тәрбиеленушілері арасында республикалық сурет салу «Ғарышкерлер күні» байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың  қорытындысы бойынша мектебіміздің мектепалды даярлық сынып тәрбиеленушісі Акаева Амина ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Канафиева А.Н. Құттықтаймыз!
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 30 Вперед