22
декабрь
2023
«Аталар, Әкелер, Ағалар» мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес «Әке –асқар тау» атты спорттық сайыс өтті.
«Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ бойынша 2023-2024 оқу жылындағы ұйымдастырылатын «Аталар, Әкелер, Ағалар» мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес бүгін, яғни 22.12.2023 жылы мектебіміздің 10 сынып ер балалары мен әкелері арасында «Әке –асқар тау» атты спорттық сайыс өтті. Сайыс мақсаты— әке мен балаларды бір мақсатқа жұмылдыру, отбасындағы береке-бірлікті нығайту. Жалпы отбасының беріктігі ер азаматқа тікелей байланысты. Халқымызда әкені ерекше құрметтеп, мәртебесін жоғары қою дәстүрі орныққан. Белсенді әкелер мен олардың балалары қатысқан спорттық сайыста 4 команда өзара бақ сынасты. Олар ұлттық ойындардың бірі — «Асық ату», гір көтеру,армреслинг,тартылу, мылтық ату және т.б. бойынша жарысты. Нәтижесінде Сейтказиновтар отбасы Бас жүлде, Шарипхан отбасы I орын, Қапез отбасы II орын, Сайрамхан отбасы III орынды иеленді. Ер азаматтар өз отбасына көңіл бөлу, ұл-қызды тәрбиелеу арқылы ұлтты тәрбиелейді. Әкелердің мәртебесін көтеру және оларға қолдау білдіру баршамыздың парызымыз деп білеміз.

