Іс-шаралар » Страница 6 » "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Абай атындағы көпсалалы мектеп - гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 4765695
Есепші бөлімі:
+7(723) 4765694
Нашар көрушілер
нұсқасы
vЖаңа жыл мерекесі қарсаңында мектепті 2002 жылы А.Х.Сутбаеваның жетекшілігімен аяқтаған 11 "А" сыныптың түлектері демеушілік жасап, 117 000 теңгеге санақ таблосы және футбол, волейбол, баскетбол доптарын табыстады.
30
декабрь
2022
vЖаңа жыл мерекесі қарсаңында мектепті 2002 жылы А.Х.Сутбаеваның
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында мектепті 2002 жылы А.Х.Сутбаеваның жетекшілігімен аяқтаған 11 "А" сыныптың түлектері демеушілік жасап, 117 000 теңгеге санақ таблосы және футбол, волейбол, баскетбол доптарын табыстады.  Жақсылық жасап жатқан түлектерге алғыс білдіреміз!
Бастауыш сынып оқушыларына арналған қызық пен қуанышқа, ғажайыпқа толы «Жаңа жыл» мерекесі өтті.
28
декабрь
2022
Бастауыш сынып оқушыларына арналған қызық пен қуанышқа, ғажайыпқа
Мектебімізде 2022 жылдың 28 желтоқсан күні бастауыш сынып оқушыларына арналған қызық пен қуанышқа, ғажайыпқа толы «Жаңа жыл» мерекесі өтті.   Мереке қарсаңында  мектептің әсем безендірілуі және қызықты өтуіне мектебіміздің мұғалімдерінен құрылған шығармашылық топ белсене қатысты. Мерекелік шарада оқушыларға арналған түрлі ойындар және би жарыстары ұйымдастырылды. Жаңа жылдың басты кейіпкерлері – Аяз ата мен Ақшақар балаларды қуанышқа бөлеп, тәтті сыйлықтарын таратты. Сонымен қатар, ертегі
2022 жылдың 28 желтоқсан күні мектебіміздің кішкентай бүлдіршіндері мен мектепалды даярлық сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық шырша өтті
28
декабрь
2022
2022 жылдың 28 желтоқсан күні мектебіміздің кішкентай бүлдіршіндері
2022 жылдың 28 желтоқсан күні мектебіміздің кішкентай бүлдіршіндері мен мектепалды даярлық сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық шырша өтті. Балақайларға қонаққа ертегі кейіпкерлері, Аяз ата мен Ақшақар келіп, керемет көңіл-күй сыйлады.
9-11 сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық кеш
28
декабрь
2022
9-11 сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық кеш
2022 жылдың 28 желтоқсан күні 9-11 сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық кеш өтті. Оқушыларға түрлі қызықты ойындардан, би жарысынан тұратын сайыстар ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара қатысушыларының дауыс беруінің нәтижесінде кештің ханзадасы мен ханшайымы Шәріпханов Есбол мен Советхан Мөлдір атанды.  
"Кел, төрлет Жаңа жыл" атты  іс-шара ұйымдастырылды
27
декабрь
2022
"Кел, төрлет Жаңа жыл" атты іс-шара ұйымдастырылды
Мектеп жанындағы интернатта тәрбиеленуші балаларға арналған әлемдегі қуанышқа толы ғажайып мерекелердің бірі "Кел, төрлет Жаңа жыл" атты  іс-шара ұйымдастырылды. Жаңа жылдық жасыл шырша кешінің қадірлі қонағы болып ауданымыздың әкімі Ж.Б.Байсабыров, маслихат хатшысы М.Оспанбаев, аудан әкімінің орынбасары Р.Ж. Нұрғалиев және білім бөлімінің басшысы Қ.Р.Шаймуратов келіп, балаларға деген ізгі тілектерін білдіріп, сыйлықтарын табыстады. Ғажайыпқа толы кеш барысында балалар мен шығармашылық топ өз
1"А" сыныбы "Рахмет саған, әліппе!" атты, 1 "Ә" сыныбы "Қош бол, сүйікті әліппе!" атты мерекелік Әліппемен қоштасу ертеңгіліктерін өткізді.
26
декабрь
2022
1"А" сыныбы "Рахмет саған, әліппе!" атты, 1 "Ә" сыныбы "Қош бол,
Мектебімізде 2022 жылдың 26 желтоқсан күні  1"А" сыныбы "Рахмет саған, әліппе!" атты, 1 "Ә" сыныбы "Қош бол, сүйікті әліппе!" атты мерекелік Әліппемен қоштасу ертеңгіліктерін өткізді. Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да қызыға аттаған, бірі отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен қоштасты. Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін, өз тілін оқып үйренуге, оқи
Мектебімізде оқушылар арасында мектепшілік дебат турнирі  өтті.
23
декабрь
2022
Мектебімізде оқушылар арасында мектепшілік дебат турнирі өтті.
Мектебімізде оқушылар арасында мектепшілік дебат турнирі  өтті.  Дебат ойының мақсаты оқушының ой-өрісін дамыту,іздендіру, мәдениет-тілікке тәрбиелеу болып табылады. Жалпы турнирге келетін болсақ 7-10 сыныптар арасынан 10 команда қатысты. Турнир нәтижесінде 1-орын 9"А" сынып "Руханият" фракциясы   2-орын 7"Ә" сынып "Тұмар" фракциясы  3-орын 8 "Ә" сынып "Кемел" фракциясы "Үздік спикер" номинациясын Қуанышқызы Инабат атанды.  Ұйымдастырушылар: М.Қайырғазыұлы , А.Қайырханұлы
"Мейірімділік әлемі"
22
декабрь
2022
"Мейірімділік әлемі"
Мектеп психологтарының ұйымдастыруымен оқушылар арасында жылулық, сыпайылық, сыйластық іс-әрекеттерін  дамыту, пәнге, ұстаздарға деген қарым-қатынасын бақылау, сүйіспеншілігін арттыру мақсатында "Мейірімділік әлемі" тақырыбында тренинг өткізілді.
"Ақылдың сөнбейтін шамшырағы" атты кітап көрмесі
19
октябрь
2022
"Ақылдың сөнбейтін шамшырағы" атты кітап көрмесі
Республика күніне орай 2022 жылдың 18-қазан күні мектеп кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында кітапханашы Мунира Сержанқызы кітапхана оқырмандарын  "Ақылдың сөнбейтін шамшырағы" атты кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасады. Энциклопедия жайлы және оның шығу тарихы, қалай қолдану туралы мәлімет айтып, кітап көрмесіне қойылған сөздіктер, балаларға арналған энциклопедиялар туралы кеңестер берді.
Мектебімізде Республика күніне дебат ойыны өткізілді
19
октябрь
2022
Мектебімізде Республика күніне дебат ойыны өткізілді
Мектебімізде Республика күніне орай "Мәңгілік ел" оқу - тәрбие орталығының жетекшісі Оралханов Алдияр "Ынтымақ"(Ғабасова Ажар, Кайсанова Карина) және "Ұшқын"(Әлімбек Айбол, Отарбек Алқар) фракцияларымен "Бұл палата қазіргі жастар патриот емес деп санайды" тақырыбында американдық парламенттік форматта дебат ойынын өткізді.  Нәтижесінде "Ынтымақ" фракциясы жеңіске жетті.  Дебат ойынына төрешілік жасаған тарих пәні мұғалімдері: Асылбекова М.Е, Рамазан М.Қ.