🌱 "Түлектердің ағаш егу" челленджі
"Түлектердің ағаш егу" челленджі Мектебіміздің 11-сынып түлектері ерекше әрі игі бастама көтеріп, өз қолдарымен мектеп ауласында көшет отырғызды. Әр егілген ағаш – болашаққа қалдырған аманат, жүректен шыққан шынайы із. Бұл қадам – туған мектепке, табиғатқа деген құрмет пен жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Түлектерімізге сәт сапар тілейміз! Тамыр жайған көшеттеріңіз секілді, өмір жолдарыңыз да терең, берекелі және нұрлы болсын! #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие