Оқушылар жетістіктері » "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Абай атындағы көпсалалы мектеп - гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 4765695
Есепші бөлімі:
+7(723) 4765694
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Алтын түлек" математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі
07
апрель
2025
"Алтын түлек" математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі
Оқушылардың математика пәніне деген қабілетін  анықтау, жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын қолдау, жоғары сынып оқушыларын ғылымға баулу, сондай-ақ педагогикалық және инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткен "Алтын түлек" математикалық олимпиадасының республикалық кезеңіне мектебіміздің 11 сынып оқушысы Әлымбек Айбол қатысып, II дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі:  Нұрсейіт Оразақынұлы.
"Вы навечно у нас в памяти...." атты мәнерлеп оқу сайысының аудандық кезеңі
04
апрель
2025
"Вы навечно у нас в памяти...." атты мәнерлеп оқу сайысының аудандық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, жасөспірімдерді рухани-адамгершілік, патриотизмге, ұлттық сана-сезімге тәрбиелеу мақсатында жалпы білім беретін мектептердің 6-8 сынып оқушылары арасында өткен "Вы навечно у нас в памяти...." атты мәнерлеп оқу сайысының аудандық кезеңіне мектебіміздің 8 сынып оқушысы Ергалиева Айнұр қатысып, жүлделі II орынды иеленді. Жетекшісі: Г.М.Сатпекова.
Қанипа Бітібаева атындағы  қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиаданың  облыстық кезеңінен Жанахмет Мадина жүлделі ІІІ орынға ие болды.
25
апрель
2024
Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша
2024 жылдың  12 сәуірінде  Семей қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №37 гимназиясының базасында Қазақстан республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Бітібаева атындағы  қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиаданың  облыстық кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан республикасының дарынды  оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Бітібаеваның өмірі мен шығармашылық  мұрасын насихаттау.   Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. 
8 “А” және 8 “Ә” сынып оқушылары “КІТАП ШОУ - 2024” атты аудандық сайысқа қатысып, жүлделі 2 орынға ие болды.
23
апрель
2024
8 “А” және 8 “Ә” сынып оқушылары “КІТАП ШОУ - 2024” атты аудандық
23-сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай мектебіміздің 8 “А” және 8 “Ә” сынып оқушылары Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы “КІТАП ШОУ - 2024” атты аудандық сайысқа қатысып, жүлделі 2 орынға ие болды. Жетекшісі Советханова А.Р.
Олимпиадаға мектебімізден 10 оқушы қатысып, 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
23
апрель
2024
Олимпиадаға мектебімізден 10 оқушы қатысып, 6 оқушы жүлделі орындарға
2024 жылдың 16 сәуірінде 3-4 сынып оқушылары арасында жаратылыстану - математика және қоғамдық - гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша облыстық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға мектебімізден 10 оқушы қатысып, 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды.  3 сынып бойынша ағылшын тілі пәнінен Дюсенбекова Алуа І орын /жетекшісі Сембинова М.Д./,  дүниетану пәнінен Мәулие Ерасыл ІІІ орын у/жетекшісі Штебаева Л.Е./,  орыс тілі пәнінен Орал Айсәуле ІІ орын /жетешісі Кабаева М.К./, қазақ тілі
"Менің Отаныма- менің бастамам" шығармашылық жобалар байқауының аудандық кезеңіне мектебіміздің 10-сынып оқушысы Ғабасова Ажар "Менің ашық университеттерім" бағамы бойынша қатысып,  І орынға ие болды.
17
апрель
2024
"Менің Отаныма- менің бастамам" шығармашылық жобалар байқауының
2024 жылдың 12 сәуір күні Қазақстан азаматын базалық ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мақсатында өткен  республикалық "Менің Отаныма- менің бастамам" шығармашылық жобалар байқауының аудандық кезеңіне мектебіміздің 10-сынып оқушысы Ғабасова Ажар "Менің ашық университеттерім" бағамы бойынша қатысып,  І орынға ие болды.  Облысқа жолдама алған оқушымызды құттықтап, сәттілік тілейміз!  Жетекшісі Муратова Айнара Мирланқызы.
6 "Ә" сынып оқушысы Ерболов Нұрсәулет облыс чемпионы атанды
12
апрель
2024
6 "Ә" сынып оқушысы Ерболов Нұрсәулет облыс чемпионы атанды
Грек-рим күресінен 2012-2014 жылы туған жасөспірімдер арасындағы КСРО спорт шебері Думанбек Данабаевтың ІІ-ші облыстық турнирінде 32 келі салмақ дәрежесінде мектебіміздің 6 "Ә" сынып оқушысы Ерболов Нұрсәулет облыс чемпионы атанды Нұрсәулетті жарқын жеңісімен құттықтаймыз!
«Ғарышкерлер күні» байқауының облыстық кезеңінен даярлық сынып тәрбиеленушісі Акаева Амина ІІ орынға ие болды.
05
апрель
2024
«Ғарышкерлер күні» байқауының облыстық кезеңінен даярлық сынып
2024 жылдың 3 сәуірінде мектепке дейінгі ұйымдар, мектепалды топтар мен сыныптарының тәрбиеленушілері арасында республикалық сурет салу «Ғарышкерлер күні» байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың  қорытындысы бойынша мектебіміздің мектепалды даярлық сынып тәрбиеленушісі Акаева Амина ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Канафиева А.Н. Құттықтаймыз!
10-11 сыныптарына арналған "Алтын түлек" математикалық олимпиаданың республикалық кезеңінен  10 сынып оқушысы Әлымбек Айбол 1 орын ие болып ,11 сынып оқушысы Сейтжанұлы Мерейбек 1 орын иегері атанып, Шәкәрім атындағы Семей университетінің грантын ұт
16
март
2024
10-11 сыныптарына арналған "Алтын түлек" математикалық олимпиаданың
2024 жылдың 16 наурызында Семей қаласының Шәкәрім атындағы Семей университетінің базасында 10-11 сыныптарына арналған "Алтын түлек" математикалық олимпиаданың республикалық кезеңі өтті.  Олимпиаданың мақсаты: мектеп оқушылары арасында математика пәні бойынша ерекше қабілетті оқушыларды анықтау. Олимпиада қорытындысы бойынша 10 сынып оқушысы Әлымбек Айбол 1 орын ие болып, Зерде ақыл ой  дамыту орталығының 80% жеңілдік сертификатын алды. Жетекшісі Оразақынұлы Н. 11 сынып оқушысы Сейтжанұлы