Конкурс хабарлама » "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Абай атындағы көпсалалы мектеп - гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 4765695
Есепші бөлімі:
+7(723) 4765694
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
август
2025

Конкурс хабарлама

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындаулауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығына сәйкес

Орыс тілі мен әдебиеті пәні (қазақ  сыныптарында) мұғалімінің уақытша  бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

1. Білім беру ұйымының атауы: Абай  облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ.

Мекен-жайы: Абай облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, № 2 үй, тел: 8(72347) 65-695. Эл пошта: kgu_abaigymnasium@mail.kz

2. Бос лауазымның атауы: Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (қазақ сыныптарында)– 16 сағат.

Функционалдық міндеттері: 

2.1. Оқушылардың жеке ерекшеліктері мен жасын ескере отырып, оларды оқытуды, тәрбиелеуді жүзеге асыру.

2.2. Қосымша білім алуға, зерттеу дағдыларын алуға бағытталған сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыруға жәрдемдесу.

2.3. Білім алушылардың білімін, іскерлігін және дағдыларын бекіту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олар өз кезегінде мәлімделген стандарттарға сәйкес келуі тиіс.

2.4. Оқу сабақтары мен сабақтан тыс іс-шараларды өткізу кезінде гигиеналық және санитарлық нормаларды қамтамасыз ету. Қауіпсіздікережелерінсақтаудыбақылау.

2.5. Оқушыларды даярлаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету. Нәтиже мемлекеттік деңгейде бекітілген білім беру стандарттарына сәйкес келуі тиіс.

2.6. Оқу бағдарламаларын әзірлеу, білім беру жоспарларын құру және олардың іске асырылуын қамтамасыз ету. Білім беру стандарттары мен оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып, әр сабаққа тақырыптық жоспарлар құру.

2.7. Оқушылардың дайындығын, жеке ерекшеліктерін, шығармашылық қабілеттері мен бейімділігін ескере отырып, әртүрлі білім беру және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.

2.8. Оқу сабақтарын қатаң түрде жалпы қабылданған стандарттарда, бірақ материалды ұсынудың және оқушылардың білімін бақылаудың әртүрлі әдістерін қолдана отырып өткізу.

2.9. Білім алушылардың дәптерлерінің жүргізілуін бақылау, белгіленген орфографиялық режимді жүргізу.

3.0. Білім беру сабақтарын, көшпелі және жергілікті іс-шараларды өткізу кезінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету.

3.1. Білім алушылардың ықтимал жеке проблемалары мен қиындықтарын, оқу бағдарламасын игерудегі қиындықтарды анықтау және оларды жеңуге көмек көрсету.

3.2. Оқу материалын игеру туралы есеп беру туралы білім беру бағдарламасының талаптары шеңберінде бақылау жұмыстарын жүргізу.

3.3. Орын алған жазатайым оқиғалар туралы мәліметтерді оқу орнының кезекшісіне уақтылы беру және қажет болған жағдайда алғашқы көмек көрсету.

3.4. Оқу жылында оқу кабинетінде тексеру жұмыстарын жүргізу   үшін дәптерлерді сақтау.

3.5. Барлық педагогикалық кеңестер мен жиналыстарға, конференцияларға және сыныптан тыс шараларға қатысу.

3.6. Медициналық тексеруден жүйелі түрде (жыл сайын) өту.

3.7. Білім алушылардың түрлі конкурстық іс-шаралар мен фестивальдерге қатысуын ұйымдастыру.

3.8. Белгіленген тәртіппен сынып құжаттамасын жүргізеді, білім алушылардың сабаққа қатысуы мен үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, тиісті балл қояды.

3.9. Ішкі еңбек тәртібінің Жарғысы мен ережелерін сақтайды.

4.0. Мектеп қабырғасында, қоғамдық орындарда, тұрмыста этикалық мінез-құлық нормаларын сақтайды.

Ақы төлеу:

Лауазымдық еңбекақысы: 180000-250000 тенге

3.    Біліктілік талаптары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығына сәйкес.


4.   Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 14 тамыздан   2025жылғы  25 тамызға дейін.

5.    Құжаттар тізімі:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 баллнемесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

       11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

      12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив