17
январь
2024
Математика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 8 сынып оқушылары арасында «Көңілді серуен» атты интеллектуалды сайыс өтті.
Бүгін мектебімізде "Әлемнің ғажайып үш тірегі" атты математика, физика, информатика апталығы ашылды. Бағдарлама жоспарына сәйкес математика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 8 сынып оқушылары арасында «Көңілді серуен» атты интеллектуалды сайыс өтті.
Мақсаты:теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, сапалы біліммен қаруландыру, математикаға қызығушылығын арттыру. Оқушылардың іскерлік дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау. Сайыс кезеңдері бойынша оқушыларға математика пәніне байланысты әртүрлі сұрақтар қойылды. Қатысушылар шапшаңдық, тапқырлық танытып, сұрақтарға жауап берді. Нәтижесінде белсенді қатысқан оқушыларға тәтті сыйлықтар табысталды.
