Біз туралы » Страница 15 » "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Абай атындағы көпсалалы мектеп - гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 4765695
Есепші бөлімі:
+7(723) 4765694
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектебімізде 2022 жылдың 24 қарашасында мектеп психологы И.К.Садвакасованың ұйымдастыруымен “Қыздар арасында” дөңгелек үстел өткізілді.
24
ноябрь
2022
Мектебімізде 2022 жылдың 24 қарашасында мектеп психологы
Мектебімізде 2022 жылдың 24 қарашасында мектеп психологы И.К.Садвакасованың ұйымдастыруымен “Қыздар арасында” дөңгелек үстел өткізілді. Іс - шараның мақсаты: қыздарды жеке бас гигиенасын сақтауға, адамгершілікке, тәрбиелікке, тиянақтылыққа, сыпайылыққа үйрету болып табылады. І - топ: Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан. ІІ - топ: Жеке бас гигиенасы. ІІІ - топ: Қалай танымал қыз болуға болады? деген тапсырмаларға белсенділік танытып қатысты.
Республикалық пәнаралық олимпиаданың мектепішілік кезеңінің жұмыс нәтижесі сараланып, жүлделі орындарға ие болған оқушылар марапатталды.
24
ноябрь
2022
Республикалық пәнаралық олимпиаданың мектепішілік кезеңінің жұмыс
2022 жылдың 24 қарашасында мектебімізде тізіліс өткізілді. Республикалық пәнаралық олимпиаданың мектепішілік кезеңінің жұмыс нәтижесі сараланып, жүлделі орындарға ие болған оқушылар марапатталды.  Мектеп директоры А.С.Матанова аудандық кезеңге жолдама алған оқушыларымызды құттықтап, сәттілік тіледі.
"Достық" үйінде аудандық "Мұрагер" ардагерлер ұжымы және мектебіміздің педагог- ұйымдастырушысы А.Д.Берсугирова мен 9 "А" - сынып оқушылары
23
ноябрь
2022
"Достық" үйінде аудандық "Мұрагер" ардагерлер ұжымы және
Бүгін "Достық" үйінде аудандық "Мұрагер" ардагерлер ұжымы және мектебіміздің педагог- ұйымдастырушысы А.Д.Берсугирова мен 9 "А" - сынып оқушылары,  сынып  жетекшісі  Н.Оразақынұлы  "Отбасы құндылықтары" тақырыбында дөңгелек үстел басында кездесу өткізді. "Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет" деген тақырыпта "Мұрагер" тобының жетекшісі К.Б.Қойшыбаева толық мағлұмат  берді. Оқушылар отбасындағы, қоғамдық орындардағы құндылықтарды айтып, ойларындағы толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Ардагер ұстаз
А.К.Оралханов 9 "А", "Ә" сынып оқушылары арасында "Звездочки на земле" фильмін көрсетіп, кинокеш ұйымдастырды
23
ноябрь
2022
А.К.Оралханов 9 "А", "Ә" сынып оқушылары арасында "Звездочки на
Оқушылардың бір-бірін сыйлауы, алға мақсат қоя білуі және оған жету жолындағы кедергілерден сүрінбей өте білуге үйренуі, өзара қарым-қатынастарын нығайтуы, достықты құрметтеуі мақсатында А.К.Оралханов 9 "А", "Ә" сынып оқушылары арасында "Звездочки на земле" фильмін көрсетіп, кинокеш ұйымдастырды. Оқушылар фильмнің мазмұнын, көрсетілген іс- әрекеттердің мәнін талқылап, кері байланыс жасады.
Семей қаласында 2022 жылдың 23 қарашасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми-зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі
23
ноябрь
2022
Семей қаласында 2022 жылдың 23 қарашасында жалпы білім беретін пәндер
Семей қаласында 2022 жылдың 23 қарашасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми-зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Конкурсқа мектебіміздің 10 «А» - сынып оқушысы Тұрсағұл Нұрай ІІ - орын иеленсе,  (жетекшісі  математика пәні мұғалімі С.Қизатолла),9 «А» - сынып оқушысы Кайсанова Карина  (жетекшісі қазақ тілі  және әдебиеті пәні мұғалімі. М.С.Имангалиева) жүлделі ІІІ-орынды иеленді. Оқушылар мен жетекшілерін жеңістерімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
19 қараша - Халықаралық темекіге қарсы күрес күніне орай "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы" КММ-де 9-11-сынып оқушылары арасында "Темекінің адам ағзасына зияны" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
21
ноябрь
2022
19 қараша - Халықаралық темекіге қарсы күрес күніне орай "Абай
19 қараша - Халықаралық темекіге қарсы күрес күніне орай "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы" КММ-де 9-11-сынып оқушылары арасында "Темекінің адам ағзасына зияны" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында мектеп медбикесі С.Ж.Рахимбаева және педагог-ұйымдастырушы А.Д.Берсугирова салауатты өмір салтын ұстанудың адам өміріндегі маңызы жайлы түсінік берді. Оқушылар "Темекіге жол жоқ!" тақырыбында дайындалған шығармашылық жұмыстарын таныстырып, өз пікірлерімен бөлісті.
Мектеп психологы И.К.Садвакасова "Сенім-менің серігім" тақырыбында тренинг-сабақ өткізді.
18
ноябрь
2022
Мектеп психологы И.К.Садвакасова "Сенім-менің серігім" тақырыбында
11 сынып оқушыларының  бойындағы сенімділік қабілеттерін арттыру, ҰБТ-ге деген қобалжу, қорқыныш сезімдерінен арылту, бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын нығайту мақсатында мектеп психологы И.К.Садвакасова "Сенім-менің серігім" тақырыбында тренинг-сабақ өткізді. Оқушылар "Менің мақсатым", "Достық сызығы", "Лента", "Мақсатыма жетемін" сынды жаттығуларға белсенділікпен қатысып, өз ойларын ашық жеткізе алды.
Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдық мерейтойына орай 18 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Н.Сағымбаеваның ұйымдастыруымен 8 «А» сыныбында «Ерлік пен махаббат жыршысы» атты танымдық сағат өткізілді.
18
ноябрь
2022
Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдық мерейтойына орай 18 қараша күні
Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдық мерейтойына орай 18 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Н.Сағымбаеваның ұйымдастыруымен 8 «А» сыныбында «Ерлік пен махаббат жыршысы» атты танымдық сағат өткізілді. Мақсаты: оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, насихаттау. Оқушылардың бойында эстетикалық сезімін ояту, көркем сөз оқу шеберліктерін арттыру. Туған халқымыздың әдебиетін тереңірек тануға, оны сүюге, қадірлей білуге  тәрбиелеу. Іс-шараның барысында
Оралханов Алдияр Қайырханұлының ұйымдастыруымен  11 сынып оқушыларына "Байланыста" атты мультипликациялық фильм көрсетілді.
17
ноябрь
2022
Оралханов Алдияр Қайырханұлының ұйымдастыруымен 11 сынып оқушыларына
"Бала құқығы-адам құқығы" атты республикалық онкүндігі аясында жоспарға сәйкес  мектептің  жас маманы Оралханов Алдияр Қайырханұлының ұйымдастыруымен  11 сынып оқушыларына "Байланыста" атты мультипликациялық фильм көрсетілді.  Кинокештің басты мақсаты: балаларға  ата-аналардың балаға деген шексіз сүйіспеншілігін, махаббатын, қамқорлығы мен жауапкершілігін көрсету.
"Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы" КММ-нің мектеп жанындағы интернат  тәрбиеленушілері "Балалық шақты бірге қорғайық" тақырыбында суреттер салды.
17
ноябрь
2022
"Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы" КММ-нің мектеп жанындағы
"Бала құқығы-адам құқығы" атты республикалық онкүндігі аясында "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы" КММ-нің мектеп жанындағы интернат  тәрбиеленушілері "Балалық шақты бірге қорғайық" тақырыбында суреттер салды. Ұйымдастырған: тәрбиеші Ш.М.Шакиртова.