Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 75 жыл Жарма ауданының Достық үйінің
Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 75 жыл Жарма ауданының Достық үйінің іс-шара жоспарында биылғы атаулы күндердің бірі – Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына арналған танымдық сағаттар жоспарланған. Аудандық тарихи-өлкетану мұражайында жерлес батырларымыз, соғыс ардагерлері туралы мол мағлұматтар жинақталған. Бүгін Абай атындағы мектеп-гимназияның ұстаздары А.Берсүгірова, Г.Сатпекова, С.Қарсақпаева 5-а,ә сынып оқушыларымен мұражайға келіп, жармалық соғыс ардагерлері туралы деректермен танысты.