Республикалық пәнаралық олимпиаданың мектепішілік кезеңінің жұмыс нәтижесі сараланып, жүлделі орындарға ие болған оқушылар марапатталды.
2022 жылдың 24 қарашасында мектебімізде тізіліс өткізілді. Республикалық пәнаралық олимпиаданың мектепішілік кезеңінің жұмыс нәтижесі сараланып, жүлделі орындарға ие болған оқушылар марапатталды. Мектеп директоры А.С.Матанова аудандық кезеңге жолдама алған оқушыларымызды құттықтап, сәттілік тіледі.