18
ноябрь
2022
Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдық мерейтойына орай 18 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Н.Сағымбаеваның ұйымдастыруымен 8 «А» сыныбында «Ерлік пен махаббат жыршысы» атты танымдық сағат өткізілді.
Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдық мерейтойына орай 18 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Н.Сағымбаеваның ұйымдастыруымен 8 «А» сыныбында «Ерлік пен махаббат жыршысы» атты танымдық сағат өткізілді. Мақсаты: оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, насихаттау. Оқушылардың бойында эстетикалық сезімін ояту, көркем сөз оқу шеберліктерін арттыру. Туған халқымыздың әдебиетін тереңірек тануға, оны сүюге, қадірлей білуге тәрбиелеу. Іс-шараның барысында оқушылар Әзілхан Нұршайықовтың өмірі мен шығармашылығына қатысты деректермен, бейнефильмдермен танысты, өз білгендерін ортаға салды, жазушының нақыл сөздерін мәнерлеп жатқа оқыды.


