20
январь
2023
«Бәріміздің мақсатымыз бір!» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.
Мектебіміздің 11 "А" сынып оқушылары арасында мектеп психологтары И.К.Садвакасова мен М.Ж.Жолғазинова түлектерге қолдау көрсету, емтиханға психологиялық дайындау, өзіне деген сенімділіктерін арттыру және өздерін еркін ұстай білуге даярлау мақсатында «Бәріміздің мақсатымыз бір!» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Тренинг барысында әрбір мектеп бітіруші түлектер өздерінің болашаққа деген көзқарастарымен, алға қойған мақсаттарымен ашық түрде бөлісе білді. Жаттығу барысына оқушылар еркін қатысып, соңында "Достарым", "Көркемім" әндерін шырқады.

