22
январь
2023
Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 75 жыл Жарма ауданының Достық үйінің іс-шара жоспарында биылғы атаулы күндердің бірі – Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына арналған танымдық сағаттар жоспарланған.
Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 75 жыл
Жарма ауданының Достық үйінің іс-шара жоспарында биылғы атаулы күндердің бірі – Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына арналған танымдық сағаттар жоспарланған. Аудандық тарихи-өлкетану мұражайында жерлес батырларымыз, соғыс ардагерлері туралы мол мағлұматтар жинақталған. Бүгін Абай атындағы мектеп-гимназияның ұстаздары А.Берсүгірова, Г.Сатпекова, С.Қарсақпаева 5-а,ә сынып оқушыларымен мұражайға келіп, жармалық соғыс ардагерлері туралы деректермен танысты. Шығармашылық үйірмеге қатысатын оқушылар жерлес батырларымыз туралы өздерінің дайындаған эсселерін сыныптастары алдында оқып шықты. Сонымен бірге, оқушыларға экскурсия жасалып, қызықты мәліметтер айтылды
75 лет Победы в Великой Отечественной войне
В плане мероприятий Дома дружбы Жарминского района запланированы один из знаменательных дат этого года – познавательные часы, посвященные 75-летию Победы в Великой Отечественной войне. В районном историко-краеведческом музее собраны сведения о героях-земляках, ветеранах войны. Сегодня учителя школы-гимназии имени Абая Берсугирова А., Сатпекова Г., Карсакпаева С. посетили музей с учащимися 5-х классов и ознакомились с данными о ветеранах Великой Отечественной войны. Учащиеся, участвующие в творческом кружке, прочитали свои сочинения о героях-земляках перед одноклассниками. А также была проведена экскурсия для учащихся и была представлена интересная информация.



