Әдістемелік жұмыстар » Страница 6 » "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Абай атындағы көпсалалы мектеп - гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 4765695
Есепші бөлімі:
+7(723) 4765694
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ұшқыр ой алаңы" оқушылардың дебаттық қозғалысының  аймақтық кезеңінде "Бұл палата қатыгез компьютерлік ойындарға тыйым салады" тақырыбында дебат ойыны өтті.
24
январь
2023
"Ұшқыр ой алаңы" оқушылардың дебаттық қозғалысының аймақтық
"Ұшқыр ой алаңы" оқушылардың дебаттық қозғалысының  аймақтық кезеңінде "Бұл палата қатыгез компьютерлік ойындарға тыйым салады" тақырыбында дебат ойынына қатысқан мектебіміздің <<Руханият>>  фракциясы І орынды иеленіп, аудандық кезеңге жолдама алды.  Жетекшілер: Рамазан М.Қ, Оралханов А.Қ.
МИФ апталығының бүгінгі күні ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында физика пәнінің мұғалімі Г.К.Нурмуханбетова 9 сынып оқушыларымен "Алтыбақанның тербеліс периодын анықтау" атты  тәжірибе өткізді.
24
январь
2023
МИФ апталығының бүгінгі күні ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында
МИФ апталығының бүгінгі күні ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында физика пәнінің мұғалімі Г.К.Нурмуханбетова 9 сынып оқушыларымен "Алтыбақанның тербеліс периодын анықтау" атты  тәжірибе өткізді. Математика пәнінің мұғалімдері С.Қизатолла  5-6 сынып оқушыларымен "Теңге ілу" ойынын,  Н.Оразақынұлы 7 сынып оқушыларына "Ақсүйек" ойынын өткізді. Информатика пәнінің мұғалімдері А.Д.Даулетбекова мен Т.С.Кулдрайханова 8 сынып оқушылары арасында "Асық ату" интеллектуалдық ойынын өткізді.   Оқушылар
Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 75 жыл  Жарма ауданының Достық үйінің іс-шара жоспарында биылғы атаулы күндердің бірі – Ұлы Отан соғысы Жеңісінің  75 жылдығына арналған танымдық сағаттар жоспарланған.
22
январь
2023
Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 75 жыл Жарма ауданының Достық үйінің
Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 75 жыл  Жарма ауданының Достық үйінің іс-шара жоспарында биылғы атаулы күндердің бірі – Ұлы Отан соғысы Жеңісінің  75 жылдығына арналған танымдық сағаттар жоспарланған. Аудандық тарихи-өлкетану мұражайында жерлес батырларымыз, соғыс ардагерлері туралы мол мағлұматтар жинақталған.  Бүгін Абай атындағы мектеп-гимназияның ұстаздары  А.Берсүгірова, Г.Сатпекова, С.Қарсақпаева 5-а,ә сынып оқушыларымен  мұражайға келіп, жармалық соғыс ардагерлері туралы деректермен танысты.
Жақында жанашыр оқушыларымыз үлгілі істерімен жергілікті зейнеткер апамыз Еркеш Султангалиевнаның үйінің маңайын қардан тазалап, отын, көмірлерін дайындап көмек көрсетті.
22
январь
2023
Жақында жанашыр оқушыларымыз үлгілі істерімен жергілікті зейнеткер
Жақында жанашыр оқушыларымыз үлгілі істерімен жергілікті зейнеткер апамыз Еркеш Султангалиевнаның үйінің маңайын қардан тазалап, отын, көмірлерін дайындап көмек көрсетті. “Қолғанат” тобы деген атпен құрылған ұйым мүшелері жасаған жақсылықтары үшін апамыздың ізгілігіне бөленіп, қайырымдылық істеріне ризашылықтарын алды. Все реакции:35Мейір Рамазан, Алмагуль Берсугирова и ещё 33
«Бәріміздің мақсатымыз бір!» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.
20
январь
2023
«Бәріміздің мақсатымыз бір!» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.
Мектебіміздің 11 "А" сынып оқушылары арасында мектеп психологтары И.К.Садвакасова мен М.Ж.Жолғазинова  түлектерге қолдау көрсету, емтиханға психологиялық дайындау, өзіне деген сенімділіктерін арттыру және өздерін еркін ұстай білуге даярлау мақсатында «Бәріміздің мақсатымыз бір!» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Тренинг барысында әрбір мектеп бітіруші түлектер өздерінің болашаққа деген көзқарастарымен, алға қойған мақсаттарымен ашық түрде бөлісе білді. Жаттығу барысына оқушылар еркін қатысып,
2023 жылдың 18 қаңтар күні  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.М.Сарсембекова 10 «а»,10 «ә» сынып оқушылары арасында «Достық қымбат қашанда» атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді.
18
январь
2023
2023 жылдың 18 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
2023 жылдың 18 қаңтар күні  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.М.Сарсембекова 10 «а»,10 «ә» сынып оқушылары арасында «Достық қымбат қашанда» атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты қызықты бірнеше кезеңнен тұрды. Балалар  дос, достық туралы әңгімелей отырып,  достық қарым – қатынасты нығайту үшін үш тілде өлең жолдарын оқыды, ойындар ойнады және соңында "Жан досым" әнін бірлесіп шырқады. Сонымен қатар адамның бойында болатын достық сезімі қасиетті де қастерлі екендігіне көз
2023 жылдың 17 қаңтар күні мектебімізде «Мектеп, ата-ана, ұстаз бірлігі сапалы ұрпақ тәрбиесінің ізгі жолдары» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
17
январь
2023
2023 жылдың 17 қаңтар күні мектебімізде «Мектеп, ата-ана, ұстаз
2023 жылдың 17 қаңтар күні мектебімізде «Мектеп, ата-ана, ұстаз бірлігі сапалы ұрпақ тәрбиесінің ізгі жолдары» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Г.Ж.Увалиева қатысты.  Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қарастырылды.  1. «Әлеуметтік желінің балалардың өміріне ықпалы».  Баяндаушы: мектеп психологы М.Ж.Жолғазинова 2.  Тәрбие жұмысы бойынша ІІ тоқсанның есебі. Мектеп формасы. Баяндаушы: директордың тәрбие ісі
Мектеп жанындағы интернат тәрбиешісі Ш.М.Шакиртова тәрбиеленушілер   арасында "Дарынды ұрпақ-ел болашағы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
14
январь
2023
Мектеп жанындағы интернат тәрбиешісі Ш.М.Шакиртова тәрбиеленушілер
Мектеп жанындағы интернат тәрбиешісі Ш.М.Шакиртова тәрбиеленушілер   арасында "Дарынды ұрпақ-ел болашағы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Шараға жоғары сынып оқушылары белсене қатысты. Мұнда балалар өз пікірлерін еркін жеткізе білуге, ойларын тұжырымдап айта алуға, бойларындағы сенімділіктері артып, биік шыңдарға біліммен шығуға ұмтылуды үйренеді.  
2023 жылдың 13-қаңтар күні мектеп кітапханасында "Оқимыз да ойланамыз!" атты кітап оқу апталығы аясында 4 сынып оқушылары "Ер Төстік" атты қазақ ертегісімен танысты.
14
январь
2023
2023 жылдың 13-қаңтар күні мектеп кітапханасында "Оқимыз да
2023 жылдың 13-қаңтар күні мектеп кітапханасында "Оқимыз да ойланамыз!" атты кітап оқу апталығы аясында 4 сынып оқушылары "Ер Төстік" атты қазақ ертегісімен танысты. Үзіліс кезінде оқушылар ертегіні мәнерлеп, дауыстап оқып, бір-біріне мазмұндап берді.
Жас мамандардың шығармашылық қабілеттерін ашу және кәсіби деңгейлерін көтеру мақсатында кезекті жас мамандар отырысы өтті.
13
январь
2023
Жас мамандардың шығармашылық қабілеттерін ашу және кәсіби деңгейлерін
Жас мамандардың шығармашылық қабілеттерін ашу және кәсіби деңгейлерін көтеру мақсатында кезекті жас мамандар отырысы өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Т.Журсумбаева жас мамандарға сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарын көрсетті. Мектеп психологтары И.К.Садвакасова мен М.Ж.Жолғазинова "Қарым-қатынас шеберлігі" тақырыбында тренинг ұйымдастырды.