28
декабрь
2022
Бастауыш сынып оқушыларына арналған қызық пен қуанышқа, ғажайыпқа толы «Жаңа жыл» мерекесі өтті.
Мектебімізде 2022 жылдың 28 желтоқсан күні бастауыш сынып оқушыларына арналған қызық пен қуанышқа, ғажайыпқа толы «Жаңа жыл» мерекесі өтті. Мереке қарсаңында мектептің әсем безендірілуі және қызықты өтуіне мектебіміздің мұғалімдерінен құрылған шығармашылық топ белсене қатысты. Мерекелік шарада оқушыларға арналған түрлі ойындар және би жарыстары ұйымдастырылды. Жаңа жылдың басты кейіпкерлері – Аяз ата мен Ақшақар балаларды қуанышқа бөлеп, тәтті сыйлықтарын таратты. Сонымен қатар, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен таңғажайып қойылымдар көрсетілді. Балалар уақытын өте қызықты өткізіп, мереке қарсаңында ерекше қуанышқа бөленді.

