27
декабрь
2022
"Кел, төрлет Жаңа жыл" атты іс-шара ұйымдастырылды
Мектеп жанындағы интернатта тәрбиеленуші балаларға арналған әлемдегі қуанышқа толы ғажайып мерекелердің бірі "Кел, төрлет Жаңа жыл" атты іс-шара ұйымдастырылды. Жаңа жылдық жасыл шырша кешінің қадірлі қонағы болып ауданымыздың әкімі Ж.Б.Байсабыров, маслихат хатшысы М.Оспанбаев, аудан әкімінің орынбасары Р.Ж. Нұрғалиев және білім бөлімінің басшысы Қ.Р.Шаймуратов келіп, балаларға деген ізгі тілектерін білдіріп, сыйлықтарын табыстады. Ғажайыпқа толы кеш барысында балалар мен шығармашылық топ өз өнерлерін көрсетті.