26
декабрь
2022
1"А" сыныбы "Рахмет саған, әліппе!" атты, 1 "Ә" сыныбы "Қош бол, сүйікті әліппе!" атты мерекелік Әліппемен қоштасу ертеңгіліктерін өткізді.
Мектебімізде 2022 жылдың 26 желтоқсан күні 1"А" сыныбы "Рахмет саған, әліппе!" атты, 1 "Ә" сыныбы "Қош бол, сүйікті әліппе!" атты мерекелік Әліппемен қоштасу ертеңгіліктерін өткізді. Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да қызыға аттаған, бірі отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен қоштасты. Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін, өз тілін оқып үйренуге, оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын "Әліппе" оқулығы екені бәрімізге мәлім. Іс-шара барысында бүлдіршіндеріміз қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетті. Шара барысында қызықты ойындар ойнатылды.Ертеңгілік соңында мектеп-гимназия директоры Алма Секенқызы мерекемен құттықтап, білім баспалдағын тұңғыш ашқан 1 сынып білім алушыларына ақ жол тіледі!