14
декабрь
2019
Тәуелсіздік күні
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» атты апталығы аясында 5-6 - сынып оқушыларының арасында «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында шығармалар байқауы өткізілді. Байқауға 5- 6 - сынып оқушылары белсене қатысты. Байқаудың мақсаты: патриоттық рух пен өз елінің жетістіктерін мақтаныш сезіммен жеткізе білуге үйрету, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Байқау қорытындысы бойынша 6 «А» сынып оқушысы Кеңесхан Дильназ І орын, 5 «А» сынып оқушысы Халиулина Дилана ІІ орын, Тұрсынбек Әсия ІІІ орынға ие болды. 
