11
декабрь
2019
«Елім деп соққан жүрегім...» атты патриоттық әндер байқауы
11 желтоқсан күні "Абай атындағы көпсалалы мектеп -гимназиясы" КММ-де музыка жетекшісі Г.А.Кокашеваның ұйымдастыруымен «Елім деп соққан жүрегім...» атты патриоттық әндер байқауы өтті. Іс-шараның шымылдығын мектебіміздің Республикалық, облыстық, аудандық би байқауының жеңімпаздары «Іңкәр» бишілер тобы қазақ биімен ашты. Мектеп-гимназия директоры Н.А.Рахимбаев Тәуелсіздік күнімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға оқушылар мен ата-аналар және ұстаздар қауымы қатысты. Тәрбиелік мәні зор байқаудың қорытындысы бойынша орта буын арасында «Бас жүлдені» 6 «а» сынып оқушысы Ғабасова Ажар мен анасы Зиябекова Бақыт « Мен қазақпын » әнімен , І орынды Шалабаева Аймарал мен апайы Оразалина Ақмарал «Туған жер» әнімен, ІІ орынды 8 «а» сынып оқушысы мен мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С.Матанова «Желтоқсан» әнімен, 5 «а» сынып оқушысы Жамбыл Айбану мен апайы Айбекқызы Ақерке «Қазақ елі осындай» әнімен, ІІІ орынды 7 «ә» сынып оқушысы Құрманова Диляра мен бастауыш сынып мұғалімі Баян Мұхаметқазықызы жеңіп алды. Жоғарғы сынып оқушылары арасында «Бас жүлдені» 10 "ә" сынып оқушысы Ниязбек Ернат пен математика пәнінің мұғалімі Оразақын Нұрсейіт «Көк тудың желбірегені» әнімен, І орынды 9" ә"сынып оқушысы Ниязбек Нұртай мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мұратбеков Досым Кенжебекұлы «Қазақтың ұлымын» әнімен, ІІ орынды 10 "а" сынып оқушысы Еркін Аяна мен ұстазы Жанұзақов Айдар «Мен қазақпын» әнімен, 11 "ә"сынып оқушысы Қайрат Шалқар мен интернат тәрбиешісі Шакиртова Шынар «Алтын бесік» әнімен, ІІІ орынды 9"а" сынып оқушысы Касенова Альбина мен ата-ана Төлеуұлы Қуаныш «Қазағым» әнімен жеңіп алды. Жеңіске жеткен жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды.




