«Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты » "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Абай атындағы көпсалалы мектеп - гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 4765695
Есепші бөлімі:
+7(723) 4765694
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты
13
декабрь
2018

«Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты

Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырылған онкүндік аясында 13-желтоқсан күні 8 «Ә» сыныбында «Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Сабақты сынып жетекшісі Ерболат Нурсауле ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жету жолындағы айшықты ісіне шолу жасап, түсінік беру. Оқушылардың ойлау және сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Тарихты бағалай білуге үйрете отырып, ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті.

«Тәуелсіздік – бізге оңай келген жоқ», «Менің Отаным – Қазақстан», «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» қатарлы бірнеше бөлімге құрылған сабақтың құрылымы мен мазмұны үйлесім таба отырып, көз тартар көрнекіліктері, бейнематериалдар мен презентация арқылы ұсынылған білім мазмұны оқушылардың жүрегінен терең орын алды.

«Еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылатын «Тәуелсіз күні» мерекесі құтты болсын!», - дей отырып ашық тәрбие сағаты өз мәресіне жетті.

 

 

 

 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив