13
декабрь
2019
Тәуелсіздік күні
12 желтоқсан күні "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы" КММ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 7-сыныптар арасында "Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз" атты зияткерлік сайыс өтті. Аталған іс шараның мақсаты - оқушылардың ой-өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру, сонымен қатар өскелең ұрпақты туған елінің тарихын, тілін құрметтеуге баулу
болып табылады. Сайыс барысында оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілі,тарих пәндері бойынша білімдерін көрсетті. Сайысқа қатысқан оқушылардың барлығы марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.


болып табылады. Сайыс барысында оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілі,тарих пәндері бойынша білімдерін көрсетті. Сайысқа қатысқан оқушылардың барлығы марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.