04
июнь
2022
4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым – мемлекеттік рәміздер күніне орай "Балауса" лагерінің оқушылары арасында "Өлкетану" үйірмесінің жетекшісі М.Қ. Рамазанның ұйымдастырумен "Рәміздер-ұлттық мақтанышымыз" атты патриоттық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Іс-шара барысында оқушылар Әнұран, Елтаңба, Тудың авторларын және мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы жайлы жарыса жауап берді. Сонымен қатар ерекше өнерлерімен көзге түскен Оразақын Таңсұлу, Бейсенбек Ақжол мен Мантыбаев Мадияр мектебіміздің ұстазы А.Ж.Берсугированың демеушілігімен арнайы сыйлыққа ие болды.
