12
февраль
2020
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!...» атты ашық кітап көрмесі




Жарма Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай қойылған «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!...» атты ашық кітап көрмесімен таныстыру кешіне Абай атындағы көпсалалы мектеп гимназиясының, Георгиевка орта мектебінің және Маяковский атындағы орта мектептің 5,6,7- сынып оқушылары қатысты. Шара барысында кітапханашы Н. Рахымбердина Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы қойылған кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасады. Сонымен қатар оқушылар Абай өлеңдерінің жалғасын табу ойынын ойнады. «Бір ел- бір кітап» акциясы туралы кітап көрмесіне кітапханашы М. Секенова библиографиялық шолу жасап, жыл кітабы болып таңдалған туындылар және авторлары жайында жан-жақты мәлімет берді. Шара соңында оқушылар Абай әндерін бірлесіп айтып, тарқасты.