25
январь
2024
"Табиғат және әлем" бірлестігінің І жартыжылдық қорытындысы бойынша кезекті отырысы өтті.
Табиғат және әлем" бірлестігінің І жартыжылдық қорытындысы бойынша кезекті отырысы өтті. Мақсаты: мұғалімдерге тиісті әдістемелік көмек бере отырып, мұғалімдердің шеберлігі мен шығармашылығын жетілдіру. Отырыс барысында мектеп психологы М. Ж.Жолғазинова бірлестік мүшелерімен көңілді тренинг өткізді. Тарих пәнінің мұғалімі А.К Агибаева мен география пәнінің мұғалімі Әділ Күлшат "Оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдер қоржынынан" тақырыбында өздері сабақтарында қолданып жүрген әдіс тәсілдерімен бөлісті.
Химия пәнінің мұғалімі С.Б Айдарханова "Ғылыми жоба жазу ерекшеліктері" тақырыбында іс -тәжірибесімен бөлісті. Мектеп - гимназия директоры А.С. Матанова әдістемелік бірлестіктің атқарып жатқан жұмыстарына оң баға беріп, осындай тәжірибе алмасулар ұстаздардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға үлесі зор деген пікірін білдірді.
