Семинар » "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Абай атындағы көпсалалы мектеп - гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 4765695
Есепші бөлімі:
+7(723) 4765694
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
февраль
2019

Семинар

Жарма аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 27 ақпан күні «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия» КММ-де  физика мұғалімдерімен «Физика сабағында инновациялық технологияларды тиімді пайдалану» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты  «Бүгінгі таңда педагогтардың алдында өздігінен білім беру негізінде ұстаздардың ішкі мүмкіндіктерін ашу, кәсіби шеберліктерін шыңдау». Семинарға қатысушылармен мектеп психологы И.Қ.Садвакасова «Психологиялық тренинг» өткізді. Семинар барысында «Георгиевка орта мектебінің» физика пәнінің мұғалімі М.Т.Даиров 8 сыныпта «Электр тогының химиялық әсері. Фарадей заңы» тақырыбында сабақ өткізді.   «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының» физика пәнінің мұғалімі Г.К.Нурмуханбетова 10 сыныптармен «Толық тізбек үшін Ом заңы» тақырыбында сабақ өткізді. «Қарасу орта мектебінің» мұғалімі У.Б.Қалиева 9 сыныпта «Жұлдызды аспан әлемінің құрылымы мен масштабы» тақырыбында сабақ өткізді. Семинарға қатысушыларды Г.К.Нурмуханбетова «Роботландия әлеміне саяхат» айдарымен жаңадан жабдықталған робототехника кабинетінің жұмысымен таныстырды. Оқушылар робототехника, веб дизайн, 3d модельдеуде жасаған жұмыстарын көрсетті.№236 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Э.Т.Тоқтыбаева «Kahoot», «Quizlet» сайттарын физика сабағында қолдануды практика түрінде көрсетті. Барлық мұғалімдер оқытудың белсенді әдістерін, ағылшынша оқытуды тиімді қолдана білді.Семинарды білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.С.Жанакова мен Н.Қ. Садирова қорытындылады.







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив