«Абай атындағы көпсалалы мектеп – гимназиясы» КММ » "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Абай атындағы көпсалалы мектеп - гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 4765695
Есепші бөлімі:
+7(723) 4765694
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Абай атындағы көпсалалы мектеп – гимназиясы» КММ
20
декабрь
2019

«Абай атындағы көпсалалы мектеп – гимназиясы» КММ

«Абай атындағы көпсалалы мектеп – гимназиясы» КММ-де «Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік» атты «Табиғат және әлем» пән бірлестігінің апталығы өткізілді. Апталықтың мақсаты оқушылардың жаратылыстану пәндерінен танымдық деңгейлерін көтеріп, қызығушылығын арттыра отырып, еркін өмір сүруге, ізденуге, жігерлікке тәрбиелеу болып табылады.
Апталық бірлестік жетекшісі Г.М.Шакаеваның тізілісте оқушыларды апталықтың жоспарымен таныстырудан басталды.Апталық аясында жоспар бойынша биология пәнінің мұғалімі К. К. Нурахметова оқушылардың биология пәніне қызығушылығын оята отырып, білімін тиянақтау мақсатында 9 - сынып оқушылары арасында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты тақырыпта зияткерлік сайыс өткізді. Сайыста оқушылар арасында пән, тарихи оқиғалар бойынша білімдерін сынау, алфавит бойынша терминдермен жұмыс және жасуша құрылысын пазлдардан құрау қарастырылды. Сайыс нәтижесінде «Биологтар» тобы жеңіске жетіп, Қабдылбек Балдырған, Жансерік Құштар білім көрсеткіштері бойынша жақсы нәтиже көрсетті.
Апталықтың үшінші күні тарих пәнінің мұғалімі М.Е. Асылбекова «Тарих қадамдары» атты зияткерлік сайыс өткізді. Оқушылардың Қазақстан тарихы пәніне деген қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделік қасиеттерін дамыту мақсатында өткізілген сайыс төрт кезеңнен тұрды. Сайыстың қорытындысы бойынша «Болашақ» тобы жеңіске жетті. География пәнінің мұғалімі Г. М. Шакаева 11 сыныптар арасында «Қызық екен ...» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырды. Сыныптар өте қызығушылықпен қатысып, өз білімдерін жан-жақты көрсете алды. Сайыс соңында «Тапқыр» тобы өз білімдерінің жоғары екенін көрсетіп, жеңімпаз атанды.
География пәнінің мұғалімі А. З. Танатаров 9 сыныптар арасында «ХХІ ғасырдың жастары рухани сауатты ма?» тақырыбында пікір-талас ойынын өткізді. Ойын барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білді. Ойынның қорытындысы бойынша «Бүркіт» фракциясы жеңіске жетті. Үздік спикер номинациясымен Камалжанова Балжан марапатталды.
Рухы биік, білім көкжиегі кең білімпаз 8 «А» сынып оқушыларының арасында химия пәнінің мұғалімі С.Б. Айдарханованың ұйымдастыруымен «Супер оқушыны» анықтауды мақсат тұтқан зияткерлік сайыс өтті. Сайыс негізгі 3 кезеңнен және супер ойыннан тұрды.Сайыс қорытындысы бойынша «Sýper oqýshy» Дүйсенбай Мөлдір атанды.
«Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік» атты «Табиғат және әлем» пән бірлестігі апталығының қорытынды кеші жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, өткізілді. Апталықта жоспарланған іс-шараларға белсенділік танытып, қатысқан оқушылар мадақтамалармен мадақталды. «Табиғат және әлем» пән бірлестігі апталығының бекітілген жұмыс жоспарындағы барлық іс-шаралар мен сабақтар мазмұнды, мағыналы, сапалы өтті.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив