"Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде" тақырыбымен «Математика, информатика және физика пәндері» бірлестігінің апталығы өтті » "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Абай атындағы көпсалалы мектеп - гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 4765695
Есепші бөлімі:
+7(723) 4765694
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде" тақырыбымен «Математика, информатика және физика пәндері» бірлестігінің апталығы өтті
20
январь
2020

"Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде" тақырыбымен «Математика, информатика және физика пәндері» бірлестігінің апталығы өтті








«Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ бойынша "Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде" тақырыбымен «Математика, информатика және физика пәндері» бірлестігінің апталығы өтті.
Апталықтың мақсаты: Жаңа ақпараттық технология мен тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдету. Аталған пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру болды.
5-11 сынып оқушылары арасында «Апталықтың салтанатты ашылуы» өтіп, оқушыларға апталық жоспары мен өтілетін іс-шаралар таныстырылды.
(Фото 1)
Математика пәні мұғалімі Қизатолла Серікбек «Әй, осы математика» тақырыбында 5 «Ә» сыныбында математикалық танымдық-интеллектуалды сайыс өткізді. Оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын оятып, пәнге деген сұраныстарын арттыруды және «Мәңгілік Ел» идеясының мұраттары мен оған қол жеткізудің тарихи құндылықтарын оқушыларға жан-жақты таныстыруды мақсат еткен шара өте жоғары деңгейде ұйымдыстырылды. Сайыс барысында сынып оқушылары «BOLASHAQ» тобы мен «JASTAR» топтары болып білім сайысына қатысты. Бірнеше кезеңнің тапсырмаларынан сүрінбей өткен «BOLASHAQ» тобы сайыс қорытындысы бойынша 110 ұпаймен 1-орынды жеңіп алды.
(Фото 2)
Математика пәні мұғалімі Журсумбаева Гульнара Турлыбековнаның ұйымдастыруымен «Ақыл-ой гимнастикасы – математика» тақырыбында 8 «А» және 8 «Ә» сыныптары арасында көңілді жарыс сабағы өтті. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту, оқшыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге үйретуді мақсат еткен көңілді жарыс сабағына «Сұңқар» және «Тұлпар» топтары өте белсенділікпен қатысып, алған білімдерін жоғары деңгейде дәлелдеп берді. Бірнеше жарыс кезеңдерінде үздік білім өрнегін көрсеткені үшін 8 «Ә» сыныбының «Сұңқар» тобы оқ бойы озық шығып 1-орынға ие болды.
(Фото 3)
Математика пәні мұғалімі Оразақын Нұрсейіт 6 «А» сыныбында «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта қолданылған оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен шебер қолданылған көрнекіліктер бірден оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырғаны байқалып, сабақ барысында оқушылардың ынтасы арта түсті. Сабақ соңында мұғалім алдына қойған мақсаттарына жете отырып, оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын, мәндес теңдеудің анықтамасын, теңдеуді шешудің алгоритімін, теңдеудің қасиеттерін түсіндіре отырып, теңдеуді шешуге үйретті. Сабақ өте қызықты әрі түсінікті өтті.
(Фото 4)
5-11 сынып оқушылары арасында «Ғажайып МИФ» атты көрме ШҚО әкімі Д.К.Ахметовтің бастамасымен «Менің мектебім» жобасы аясында ашылған IT кабинетте ұйымдастырылды. Қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі – роботтармен оқушыларды тереңірек таныстыру, роботтарды жинастыру, модельдеу және құрастыру, визуальды графикалық ортада бағдарламалау, топтық, зерттеушілік және эксперименталды жұмыстарды жасау дағдыларын меңгерту мақсатында өткізілген көрме оқушылар үшін өте тартымды әрі қызықты болды.
(Фото 5)
Бекітілген жоспар бойынша «Сұйықтар мен газдардағы қысым. Паскаль заңы» тақырыбындағы ашық сабақ өткізілді. Сабақты физика пәні мұғалімі Нурмухамбетова Гульдана Кабдыкалыевна 7 «А» сыныбымен өткізді. Сабақ барысында мұғалім балалармен жағымды қарым-қатынас, ынтымақтастық пен сенім атмосферасын орната отырып, оқушының ой еркіндігіне жағдай жасай алды. Сабақ кезеңдерінің өзара тиімді ұйымдастырылуы, аудио-видео көрсетілімдер мен көрнекіліктердің тиімді қолданылуы оқушылардың пәнде деген қызығушылықтарын арттырып, мұғалімнің сабақ мақсатына жетуіне оң ықпал етті.
(Фото 6)
Мектебіміздің жас маманы, физика пәні мұғалімі Әлихан Жолдыбек «Физикалық футбол» атты саяхат сабақ ұйымдастырды. Сабақ мақсаты физика пәні бойынша оқушылардың білім сапасын арттыру, логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық-интеллектуалдық қасиеттерін қалыптастыру болды. Білгір болсаң тауып көр; Сырлы сұрақ; Қызықты бестік; Адасқан әріптер; Сергіту сәті; Жүз бір жұмбақ қатарлы бірнеше бекеттерден құрылған сабақ әзірлемесі тартымды әрі қызықты болды.
(Фото 7)
Иинформатика пәні мұғалімі Ерболат Нурсауле «Бауырлар додасы» атты сыныптан тыс жұмыс өткізді. Бұл әзірлеме 7 «А» сынып оқушылары арасында интеллектуалды-танымдық сайыс түрінде өтті. Сайысқа 8 оқушы өзінің туған бауыры, қарындасы және сіңілісімен қатысты. Информатика пәні бойынша оқушылардың алған білімдерін қайталау, жүйелеу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, балалардың отбасындағы жағымды қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуды мақсат еткен сайысқа «Алғырлар», «Тапқырлар», «Болашақ», «Тұлпар», «Бірлік», «Қырандар», «Жалын» қатарлы 7 топ өнер көрсетті. Сайыс сабағының бағдарламасы бірнеше тапсырмалар кезеңінен тұрды. Сайыстың тартымды әрі тартысты болғаны соншалық әділқазылар алқасы қорытынды шығаруда біраз бөгелді. Сайыс нәтижесінде 3 топ әр түрлі номинациялармен марапатталса, «Қырандар» тобы ІІІ орынға, «Тапқырлар» тобы ІІ орынға, «Болашақ» тобы І орынға, «Алғырлар» тобы Бас жүлдеге ие болды.
18 қаңтар күні апталықтың қорытындысы шығарылып, бірлестік мүшелері арасында кезектен тыс отырыс өттті. Отырыс аясында өткізілген барлық іс-ашаралар талқыланып, пән мұғалімдерінің жеткен жетістіктері мен жіберген қателіктері туралы пікір айтылып, тәжірибе алмасылды. Апталық аясында өткізілген сайыстардың жеңімпаздары арнайы грамоталармен марапатталды.
Қорыта келе айтарым, ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.
(Фото 8)
Апталық барысында пән мұғалімдері аса жауапкершілікпен және ұйымшылдықпен жұмыс атқарды. Жоғарыда өтілген барлық шаралар жас ұрпақтың санасында білім нәрін егіп, математика, физика және информатика пәндеріне деген қызығушылықтарын оятты деп ойлаймыз.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив