Біз туралы » Страница 6 » "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Абай атындағы көпсалалы мектеп - гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 4765695
Есепші бөлімі:
+7(723) 4765694
Нашар көрушілер
нұсқасы
10-11 сынып оқушылары арасында ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу бойынша және мұз үстіндегі қауіпсіздік, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі бойынша сабақ өткізді.
16
январь
2024
10-11 сынып оқушылары арасында ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық
Қалбатау ауылы 14-ӨСБ-нің қарауыл бастығы, Азаматтық қорғау капитаны Айдос Даулетханұлы және Жарма ТЖБ-нің аға инженері, Азаматтық қорғау капитаны Айгерим Кенжебекқызы мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары арасында ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу бойынша және мұз үстіндегі қауіпсіздік, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі бойынша сабақ өткізді.
№23 әйелдер колониясының маманы А.А.Уаисова 11-сынып оқушыларына  мамандық алу жолдары мен қоғамның кадрларға деген қажеттіліктері туралы мәліметтер бер
15
январь
2024
№23 әйелдер колониясының маманы А.А.Уаисова 11-сынып оқушыларына
№23 әйелдер колониясының маманы А.А.Уаисова 11-сынып оқушыларына  мамандық алу жолдары мен қоғамның кадрларға деген қажеттіліктері туралы мәліметтер берді. Кездесу барысында ұсынылған  қызметтің жағымды жақтары айтылып, ақпараттық буклеттер таратылды.
Мектебіміздің ұстазы,қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Н.М.Мәулетбековтің ұйымдастыруымен  6-сынып оқушылары арасында Сұлтанмахмұт Торайғыров «Асқақ арманды ақын» атты тәрбие сабағы өтті.
11
январь
2024
Мектебіміздің ұстазы,қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Мектебіміздің ұстазы,қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Н.М.Мәулетбековтің ұйымдастыруымен  6-сынып оқушылары арасында Сұлтанмахмұт Торайғыров «Асқақ арманды ақын» атты тәрбие сабағы өтті. Мақсаты: Оқушыларды С.Торайғыровтың өмірімен,шығармаларымен таныстыру,оқушылардың оқу қабілеттерін, мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру. Жан-жақты ойлау қабілетін дамыту,әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу.
«Әжелер, аналар, жеңгелер" клубының жоспарына сәйкес «Қыздар білуге тиіс...» атты тәлімі мол іс — шара өткізілді.
23
декабрь
2023
«Әжелер, аналар, жеңгелер" клубының жоспарына сәйкес «Қыздар білуге
2023 жылдың 22 желтоқсан күні «Абай атындағы көпсалалы мектеп—гимназиясы» КММ-де  «Ата—аналарды педагогикалық қолдау орталығы» бағдарламасы негізінде құрылған «Әжелер, аналар, жеңгелер" клубының жоспарына сәйкес, «Жеңгелер мектебі» мүшелері және 10«ә» сынып қыздарымен(сынып жетекшісі Е.А.Смагулова) ұйымдастырылған «Қыздар білуге тиіс...» атты тәлімі мол іс — шара өткізілді. Іс — шара барысында қыздардың жеңгелері шелпек илеудің жолдарымен таныстырып, пісіруді үйретті. Нан илеу барысында қыздар
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Имангалиева М.С "Шеберлік палитрасы" бағыты бойынша. қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.
22
декабрь
2023
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Имангалиева М.С "Шеберлік
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес педагогтердің шығармашылық және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу,   тарату мақсатында республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңі өтті.  Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Имангалиева М.С "Шеберлік палитрасы" бағыты бойынша. қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Жеңімпазды жеңісімен құттықтаймыз!!!
«Аталар, Әкелер, Ағалар» мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес   «Әке –асқар тау» атты спорттық сайыс өтті.
22
декабрь
2023
«Аталар, Әкелер, Ағалар» мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес «Әке
«Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ бойынша 2023-2024 оқу жылындағы ұйымдастырылатын «Аталар, Әкелер, Ағалар» мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес  бүгін, яғни 22.12.2023 жылы мектебіміздің 10 сынып ер балалары мен әкелері арасында «Әке –асқар тау» атты спорттық сайыс өтті. Сайыс мақсаты— әке мен балаларды бір мақсатқа жұмылдыру, отбасындағы береке-бірлікті нығайту. Жалпы отбасының беріктігі ер азаматқа тікелей байланысты. Халқымызда әкені ерекше құрметтеп, мәртебесін жоғары қою
«Жылдың жас жанұясы» номинациясына ие болды
22
декабрь
2023
«Жылдың жас жанұясы» номинациясына ие болды
2023 жылдың 22 желтоқсанда Аудандық мәдение үйінде өткен IV-жастар форумында тарих пәнінің мұғалімі М.Қ.Рамазан  мен еңбек пәнінің мұғалімі Б.Қ. Қауланбек «Жылдың жас жанұясы» номинациясына ие болды. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, отбастарына амандық, еңбектеріне толағай табыстар тілейміз.
Интернат  тәрбиеленушілермен "Вейп-денсаулыққа қауіпті" атты дөңгелек үстел өткізілді
11
декабрь
2023
Интернат тәрбиеленушілермен "Вейп-денсаулыққа қауіпті" атты дөңгелек
2023 жылдың 10 желтоқсан күні интернат тәрбиешісі Омарова М.Х мен  медбике Мухатаева А.Т интернат  тәрбиеленушілермен "Вейп-денсаулыққа қауіпті" атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында  медбике А.Т.Мухатаева электронды темекінің адам  ағзасына теріс әсер ететінін  түсіндірді. Интернат тәрбиеленушілері қауіпті өнімнің зияны мен  адам ағзасында пайда болатын түрлі  аурулар туралы өз   ойларымен бөлісті.
Ұлттық киім - ұлтымыздың айнасы.
11
декабрь
2023
Ұлттық киім - ұлтымыздың айнасы.
Ұлттық киім - ұлтымыздың айнасы. Қазақтың ұлттық киімдері адамның көркіне ерекше келбет беретіні рас. Ою - өрнегіміз кез-келген киімге айрықша ажар беретіні анық. Қыздардың үстіндегі оюлы қамзол, сырға мен алқа, сыңғырлаған шашбау, керемет жарасымды. Ұлдар да кестелі желет киіп, аптаның алғашқы күнін қазақылық нақышта бастады. Ұлттық киімді 22 наурыз күні ғана емес, кез-келген күнде дәріптеуді қолға алған – «Абай  атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы»  КММ-сі ұжымы. Білім ошағындағы барлық