«Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі-2024»аудандық байқауынан
2024 жылдың 30 қаңтар күні Жарма ауданының білім беру мекемелерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында білікті, шығармашыл, жаңаша ойлай алатын педагогтерді анықтау, кәсіби құзыреттілік деңгейлерін арттыру мақсатында «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі-2024» аудандық байқау өткізілді. Байқауға мектебімізден қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сарсембекова Жулдуз Манаповна қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз! Еңбегіңізге шығармашылық табыс тілейміз!