30
январь
2024
«Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ-де онлайн форматта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рахимжанова Шынар Турсыновна 5 «А» сыныбымен «Менің атым Қожа» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
2024 жылы 30-қаңтарда Өскемен қаласы Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей интернатында орналасқан республикалық Қ.О.Бітібаеваның ғылыми-әдістемелік зертханасының жұмыс жоспарына сәйкес Абай облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылының «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ-де онлайн форматта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рахимжанова Шынар Турсыновна 5 «А» сыныбымен «Менің атым Қожа» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа әр өңірден мектептер қатысты, атап айтсақ: Астана қаласының №72 мектебі, Алматы облысы Іле ауданының өңіраралық қауымдастықтар филиалы, ШҚО Алтай қаласының №9 орта мектебі, Риддер қаласының «Шаңырақ» мектеп-гимназиясы және Абай облысы Семей қаласының Ы.Алтынсарин атындағы №37 мектеп-гимназиясы, Аягөз қаласының №6 жалпы орта мектебі. Ашық сабақ барысында пән мұғалімі қолданған Қ.О.Бітібаеваның алдын ала берілген тапсырма бойынша «Рөлге бөліп оқу» әдісі оқушылардың актерлік қабілеттерін көрсетуде тиімді болды. Сабақ барысында кейіпкерлердің образын ашу мақсатында қолданылған «Теріп алу», «Кейіпкерлер ізімен» әдістерін қолданып, оқушылар тапсырманы орындау барысында белсенділік танытты.













