02
декабрь
2023
«Алаштың ақыны – Мағжан Жұмабаев» атты тарихи-танымдық сағаты өткізілді.
"Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы" КММ-нің тарих пәнінің мұғалімі А.К.Агибаеваның ұйымдастыруымен 8"Ә" сыныбында «Алаштың ақыны – Мағжан Жұмабаев» атты тарихи-танымдық сағаты өткізілді. Сабақта сыр шертетін әңгіме және ақынның шығармашылық жолы туралы айтылды. Оқушылар М.Жұмабаевтың «Асығыспын», «Әр жерде», «Көбелек» өлеңдерін оқыды. Шара соңында М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм көрсетілді. 
