23
январь
2020
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған танымдық топсеруен
"Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы" КММ-нің 5-сынып оқушыларының қатысуымен аудандық тарихи-өлкетану мұражайына танымдық топсеруен ұйымдастырылды. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған танымдық топсеруен мақсатында аудандық тарихи-өлкетану мұражайында жерлес батырларымыз, соғыс ардагерлері туралы мол мағлұматтар жинақталған жармалық соғыс ардагерлері туралы деректермен танысты. Шығармашылық үйірмеге қатысатын оқушылар жерлес батырларымыз туралы өздерінің дайындаған мәліметтерін сыныптастары алдында оқып шықты. Сонымен бірге, оқушыларға экскурсия жасалып, қызықты мәліметтер айтылды.