16
ноябрь
2022
"Теңгеміздің тарихы баянды болғай!" тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.
2022 жылдың 15-қараша күні мектеп кітапханасында кітапханашы Мунира Сержанқызының ұйымдастыруымен Ұлттық валюта күні мерекесіне орай "Теңгеміздің тарихы баянды болғай!" тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.Шара барысында жалпы ақша туралы, теңгенің шығу тарихы және құрылымы жайында жан-жақты мәліметтер айтылды. "Сандар сөйлейді" ойыны ойнатылуы арқылы оқушылардың шара барысында айтылған мәліметтерді түсінгендері анықталды. Оқушылардың белсенділігін арттыру, көңілдерін көтеру мақсатында сыйлықтар табыс етілді.