Мектеп тарихы » "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Абай атындағы көпсалалы мектеп - гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 4765695
Есепші бөлімі:
+7(723) 4765694
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
апрель
2017

Мектеп тарихы


 

Мектеп тарихы



   Елбасымыз Н.Ә.НазарбаевтыңҚазақстан халқына жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы – білім жүйесі. Орта мектеп – білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады. Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында». – деп атап көрсеткен болатын.

Бүгінгі таңда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының: «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны». – деген өнегелі сөзін өзінің басты ұранына айналдыра білген «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия» КММ-нің негізі 1928-1929 оқу жылында жұмысшы жастар мектебі болып қаланған.

   Мектепке 1938 жылыдан бастап, халқымыздың ұлы ақыны, бір туар данышпаны, ұлы Абай Құнанбайұлының аты берілді.

80 жылға жуық жас ұрпақты сапалы білім мен саналы тәрбиеге сусындатқан алтын ұя – 2006 жылы «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия» статусына ие болды. 

   Бүгінгі таңда 378 оқушы, 22 сынып комплектісі, 68 ұстазы бар аталмыш білім ордасын жоғары санатты, білікті басшы – Рахимбаев Нурмади Әбілұлы 2012-2013 оқу жылынан бері басқарып келеді. 

   Мектеп тарихында білекке емес, білімге сенетін көптеген білім саласы қызметкерлері мектеп басшысы болып қызмет атқарған.

Атап айтсақ, Шамсутдинов Галаутдин Шамсутдинұлы (1928-1939 оқу жылдары еңбек еткен). Акажанов Тәуірбек Қасымұлы ( 1939-1942 оқу жылдары еңбек еткен). Орынбаев Қажыгелді (1946-1950 оқу жылдары еңбек еткен). Әділханов Молдахан (1950-1955 оқу жылдары еңбек еткен). Сүтбаев Қабылқақ Сүтбайұлы (1955-1961 оқу жылдары еңбек еткен). Бақырланов Ғаббас бақырланұлы (1962 жылы еңбек еткен). Тортаев Қабдіслам Тортайұлы ( 1963-1967 оқу жылдары еңбек еткен). Нәбиев Қаражан Дүйсенұлы (1967-1997 оқу жылдары еңбек еткен). Дашев Байкенже Сүгіржанұлы (1997-2012 оқу жылдары еңбек еткен). 

Мектеп – қай кезде де жас ұрпаққа білім мен тәрбие берумен қатар, халықтың биік рухы мен ғасырлар бойы жинақтаған мұраларын келешек ұрпаққа жеткізетін тәлім – тәрбие орталығы. Бұл күнде қажырлы еңбек етіп, білім саласының үздігі атанып, кеудесіне төс белгі таққан мұғалімдер көптеп саналады.

Атап айтқанда: Файзуллин Фарид Ахметұлы (Каз ССР-нің білім беру ісінің үздігі). Серікбаев Нағима Түгелбайқызы (Каз ССР-нің білім беру ісінің үздігі). Есенгельдина Жанат Әйіпқызы (Каз ССР-нің білім беру ісінің үздігі). Букенова Камелжан Юсупқызы (Каз ССР-нің білім беру ісінің үздігі). Кискина Насима Талғатбекқызы(Каз ССР-нің білім беру ісінің үздігі). Қанапьянов Олжас Қанапьяқызы (Каз ССР-нің білім беру ісінің үздігі). Төлегенова Күлмағиза Төлегенқызы (Каз ССР-нің білім беру ісінің үздігі).Сапарова Рысгүл Қанашқызы (Каз ССР-нің білім беру ісінің үздігі). Қасенов Төлеубек Қасенұлы (Каз ССР-нің білім беру ісінің үздігі). Орымбаева Долларес Қажыкелдіқызы (Каз ССР-нің білім беру ісінің үздігі). Нәбиева Нұрбану Бекбергенқызы (Каз ССР-нің білім беру ісінің үздігі). Дүбірбаева Дәмелі Тұрғамбайқызы (Каз ССР-нің білім беру ісінің үздігі). Байғалиева Мастура Байғалиқызы (Каз ССР-нің білім беру ісінің үздігі). Табарикова Каут Сейтмұхамбетқызы (Каз ССР-нің білім беру ісінің үздігі). Жақсыбаева Үміт Нұрқожақызы (Каз ССР-нің білім беру ісінің үздігі).

Білікті басшы мен тәжірибелі ұстаздардан сапалы білім алған көптеген түлектер еліміздің әр түпкірінде табысты қызмет атқарып, есімі елге танымал тұлғаларға айналып отыр.

   Атап айтқанда, Мусин Дүйсенғазы Мағауияұлы. Макажанов Марат Абзалұлы. Сакенова Рахима Бөлекбайқызы. Мухамадияров Талғат Секенұлы. Қонысбай Болатбек Нұрбекұлы қатарлылар.

   Мектептің оқу – тәрбие жұмысын алға бастырудың негізгі шарты – жұмысты сауатты, жүйелі жоспарлай білу. Оқу – тәрбие үрдісін тиімді әрі ұтымды ұйымдастырып, үйлесімді жұмыс ырғағының қалыптасуымен мектептің педагокикалық ұжымы оң өзгерістермін елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Оқу үрдісін ұйымдастыру бағытында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының орындалуына бақылау жүргізіліп, істің нәтижелі болуы көзделді. Жоспарға сай педагогикалық және директор жанындағы кеңестер, әдістемелік бірлестіктер отырыстары, пән апталықтары т. б. жүйелі өткізілді. Онда бірлестіктер, шығармашылық топтар есептері, әдістемелік баяндамалар, пән онкүндіктерінің өткізілуі, білім сапасын тексеру қорытындылары кеңінен талқыланып отырылады.

   Педагогикалық жаңа технологияларды жүйелі пайдалану мақсатында мұғалімдер ашық сабақтар өткізіп, өз тәжірибесін ортаға салуда. «Сын тұрғысынан ойлау», «Модульік оқыту технологиясы», «Үш өлшемді әдіс» бойынша курстан өткен мұғалімдер ашық сабақтар өткізіп, оқушыларға тиімді жақтарын көрсете білді.

   Ақпараттық технологияны тиімді пайдалану мақсатында пән мұғалімдері электронды оқулықтар, авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер жасады.

Ұжымда еңбектерімен танылып, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқушылары және өздері жетістікке жетіп жүрген мұғалімдер баршылық. Сонымен қатар мұғалімдер кәсіби байқауларда да жоғары деңгейден көрінді.

Мектеп мұғалімдері түрлі халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі ғылыми тәжірибелік конференцияға белсене қатысады. Мектебімізде өздерінің іс тәжірибесін аудандық, облыстық және республикалық басылымдарға үнемі жариялап жүрген ұстаздарымыз өте көп. 

Мектеп бітіруші түлектеріміз жылдан-жылға жоғары көрсеткіштер көрсетіп келдеі. Мектеп түлектерінің басым бөлігі оқу гранттарына ие болуда. 

«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» демекші, мұғалімдер және оқушылар тек қана білім жағынана ғана емес, спорт, мәдениет және өнер саласында да өз мүмкіндіктерін көрсетуден жалыққан емес. 

   Қорыта айтқанда, білім ордасы - қазіргі жаңа заманда әр оқушының заман талабына сай әлемдік дәрежеде білімді меңгеруі үшін аянбай екбек ететін болады. «Бүгінгі мектеп партасындағы оқушы – ертеңгі ел болашағы». 

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив