"Жанұя сағаты" республикалық акция
Отбасы – мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие отбасынан басталады.Болашақ ұрпақ еліне, Отанына деген сүйіспеншілік алдымен ата – ананың ықпалымен қалыптасады. Осыған орай «Жанұя сағаты» республикалық акциясы аясында мектебімізде жоспар құрылып, іс – шаралар ұйымдастырылды.
Бастауыш сыныптар мен жоғарғы сынып оқушыларына «Біз бақытты жанұя», «Жанұя – тәрбие мектебі» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушылардың қиялынан туындаған отбасылық суреттер салынып, «Бақытты жанұя – бақытты ел» қабырға газеттері шығарылды. Мектеп психологы ата – аналармен біріктірілген «Мен және жанұям» тренинг сабақтарын ұйымдастырды. 4 – сынып оқушылар арасында «Намыс дода» эстафеталық жарыстар өтті. 7 – 10 сынып оқушылары «Мейірімділік ошағы отбасы» видеоролик түрінде сайыстар ұйымдастырылып, үздік видеоролик мектеп оқушыларының назарына ұсынылды.