«Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз»
«Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз»
Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназияда «Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» атты апталық өткізілді. 17 қыркүйекте мектеп-гимназияның директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Журсумбаева Г.Т. таңғы тізілісте апталық жоспарының өткізілу ретімен оқушыларды хабардар етті. Жоспар аясында «Тіл- аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» атты тақта ілініп, газеттер шығарылды.
«Тіл – таусылмайтын байлық, қазына» тақырыбында бастауыш сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілсе, 5-11- сыныптар арасында «Ана тілім – талай жанның жүректерін емдедің» тақырыбындағы жыр мүшайрасындағы оқушылардың өлеңдерінен буклеттер жасалынды.
8-11-сыныптар арасында «Тілім барда ғана мынау ғаламның» тақырыбында эсселер байқауы, 5-7- сыныптар арасында «Тілім менің- тірлігімнің айғағы» атты үш тілде мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
5-8- сыныптар арасында үш тілде өткізілген әр түрлі тақырыптардағы интеллектуалды сайыстар оқушылардың зор қызығушылығын тудырып апталықтың шырайын келтіргендей болды.Іс-шараның қорытынды түйіні 8-10-сынып оқушыларының 19 күні Өскемен қаласындағы «Этноауылға» экскурсия жасап қайтуы барысында оқушыларымыз рухани жан дүниесін байытып, ерекше әсермен қайтуы кезінде жасалғандай көрінді.
Апта соңында салтанатты түрде Акт залында өткен іс-шараның қорытындысында мәнерлеп оқу сайысының жеңімпаздары Тасқынбек Т., Ғаббасова А., Қуаныш И., Серікханова А. қатарлы оқушылар үш тілде мәнерлеп өлең оқыса, эссе жазуда жеңімпаз атанған Жунусова Г. өз эссесін оқып беру арқылы оқушылардың тілге деген құрметін арттырғандай болды. Жыр мүшайрасының жеңімпазы Өсер М. арнауын оқып, мектебіміздің әншілері Қасенов Д., Тлеубек Д, Ниязбек Е., Дүйсен Ш. қатарлы оқушыларымыз әсем ән шырқап, көрермендерге қуаныш сыйлады.
Іс-шараның қорытындысы ретінде мектеп-гимназия директоры Рахимбаев Н.А. сөз сөйлеп, жеңімпаз оқушыларды марапаттады.
Алданыш Хуралай
Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі