14
март
2024
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында бастауыш сынып оқушылары арасында "Қош келдің, Наурыз!" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. І
Бүгін қазақ халқының көнеден келе жатқан мерекелерінің бірі – Көрісу күні. 14 наурыз күні жасы кішілер ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерге барып, қос қолын беріп, көріседі. Көңілде өкпе-реніштері болса, кешіреді. Көрісу күніне орай оқушыларды қазағымыздың салт — дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру, сыйластыққа баулу мақсатында мектебімізде Амал мерекесі аталып өтті. Бұл күні оқушыларымыз бір-бірін ұлыстың алғашқы күнімен құттықтап, қолын төсіне қойып сәлемдесіп, көрісу рәсімін жасады. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында бастауыш сынып оқушылары арасында "Қош келдің, Наурыз!" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ақ жаулықты асыл әжеміз оқушыларға "Бесікке бөлеу" рәсімін көрсетіп, жайылған ақ дастарқанға, бесікке бөленген нәрестеге, қос бұрымды нәзік қыздарымызға, батыл ұлдарымызға арналған өз ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, оқушылар ән айтып, би билеп, ұлттық ойындар ойнап, ерекше ықыласпен, көтеріңкі көңіл-күймен қатысты.
Келе жатқан Наурыз мерекесі құтты болсын!









