19
январь
2024
7 сынып оқушылары арасында "Қызықты физика" атты интеллектуалды сайыс өтті.
МИФ бірлестігі апталығының төртінші күні физика пәнінің мұғалімдері Н.Қ. Ғазезова және Қ. Қайратұлы 7 сынып оқушылары арасында "Қызықты физика" атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырды. Мақсаты: оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін тексеру, қызығушылықтарын арттыру.
Сайыста белсенділігімен көзге түсіп, жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.