28
декабрь
2018
Жаңа жыл 2019
27.12.2018ж «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ-де Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Мерекелік шырша оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты төрт буынға бөлініп өткізілді. Мерекелік шыршаны мектеп-гимназия директоры Н.Рахимбаев құттықтау лебізімен бастады. Мерекелік шарада оқушыларға арналған түрлі байқаулар мен ойындар және би жарыстары өтті. Әсіресе, мерекенің басты кейіпкерлері – Аяз ата және Ақшақармен кездесуі қуанышқа бөледі. Сонымен қатар, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен көрсетілген қойылымдарды қызыға тамашалаған оқушылар таңғажайып ертегілер әлеміне енгендей сезімде болды. Балалар уақытын өте қызықты өткізіп, мереке қарсаңында ерекше қуанышқа бөленді. Мерекеге қатысқан ата-аналар да балалардың қуаныштарын бірге бөлісіп, мектеп ұжымына ризашылықтарын білдірді.