Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...
Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулар! Шуақты көктемнің алғашқы күндерінде келіп жеткен атаулы мерекеге байланысты Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясында ардақты аналарға арнап «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...» атты мерекелік концерт өтті. Концерт барысында тәтті ән, тартымды күй, мың бұралған бишілердің көңілді биі аналардың көңілінен шығып, бір сәт болсада бақыт құшағында тербеткендей болды.
Даярлық тобының кішкентай тәрбиеленушілері және 5-7 сынып оқушылары арасында «Көктем аруы - 2017» байқауы өтті. Бірнеше кезеңнен тұрған байқау аясында оқушылар өз өнерлерін еш қысылмай ортаға сала отырып, аналарының көз қуанышына айналды.
Әр сыныптың оқушылары гүл шоқтарын өз қолдарымен жасап, аналарына деген алғыстары мен шексіз махаббаттарын білдірді.
Бастауыш сыныптар арасында «Менің сүйікті анашым» атты фото көрме ұйымдастырылып, аналар қауымына деген құрмет еселене түскендей.