20
сентябрь
2018
Қауіпсіз мектеп
«Қауіпсіз балалық шақ» атты акциясы бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Сынып жетекшілер «Кауіпсіз мектеп» тақырыбында ашық сабақтарын өткізді. «Қауіпсіз мектеп» акция барысында мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қатысуымен оқушы, ата-аналар арасында жиналыстар өткізіліп, түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
Ата-ана, оқушыларға мектепте, үйде, есік алдында, лифтте, кіреберісте, суда, жолда, көліктегі қауіпсіздік ережелері туралы, сонымен қатар алғашқы көмек көрсетудің тәсілдері және шұғыл қызметтер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі уақытта оқушылардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп инспекторлары қызмет атқарады.
Әсіресе, қауіпсіздік шараларын қатаң ұстану бастауыш сынып оқушылары арасында аса қажет болғандықтан, көптеген жағдаяттар балаларға сурет тілінде бейнеленді. Осы ретте біздің мектебімізде 3-4-сынып оқушылары арасында «Қауіпсіздік шұғыласы» атты сурет байқауы өткізілді. Балалар мектеп пен үй арасындағы жолдар, ондағы қауіпсіздік белгілері туралы бейнелеп, өз білімдерін ортаға салды. Өйткені, осы шара барысында оқушылар қауіпсіздік туралы өз білімдерін жетілдіріп, жол қозғалысында абай болуды үйренеді.Қортындылай келе мектеп оқушылары «Қауіпсіз мектеп» акциясының не екендігін ұғынды. Өрт қауіпсіздігі,су қауіпсіздігнің және т.б. қауіпсіз не екенімен толығымен танысты.