«Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау» » "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Абай атындағы көпсалалы мектеп - гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 4765695
Есепші бөлімі:
+7(723) 4765694
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау»
05
май
2017

«Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау»

   «Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында аудандық семинар

 

   Биылғы оқу жылында 1-сыныптардың жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде білім алуына байланысты сәуір айының 29 күні аудандық семинар өтті. Семинар бағдарламасына сай «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназияның» бастауыш сынып ұстаздары Рахимбекова Б.М. сауат ашу пәнінен «Ұлттық тағамдар. Мәтін» тақырыбында кіріктірілген сабақ және Жакеева Ж.Е. дүниетану пәнінен «Біз қалай тамақтанамыз?» тақырыбында кіріктірілген сабақ өткізіп, келесі оқу жылында 1-сыныпта сабақ беретін аудан мектептерінің ұстаздарымен тәжірибе алмасты. 

   Рахимбекова Б.М. сауат ашу пәнінен «Ұлттық тағамдар. Мәтін» тақырыбында өткізген кіріктірілген сабағы орыс тілі (Смаилова Г.Ж.) және ағылшын тілі (Утепбаева Ж.А.) пәндерімен кіріктіріліп өткізілді. Сабақтың құрылымы жүйелі құрылып, оқушы жетістігін критериалды бағалаудың үлгісін көрсете отырып, қызықты әрі шығармашылыққа толы сабақ ретінде қатысушы ұстаздардың көңілінен шығып, жақсы бағаларына ие болды.  

  Сонымен бірге, Жакеева Ж.Е. дүниетану пәнінен «Біз қалай тамақтанамыз?» тақырыбындағы сабағы орыс тілі пән мұғалімі Сатпекова Гульфира Маркенқызымен бірге кіріктіріліп өткізілді. Сабақ ақпараттық технологияларды тиімді қолдана отырып, саяхат түрінде өтті. Сабақтың құрылымы, көрнекілігі, өзектілігі шығармашылыққа толы болды. 

Мектебіміздің жоғары санатты, білімді мұғалімдері өз іс-тәжірибесін ауданның өзге ұстаздарымен бөлісе отырып, әрдайым ізденімпаздықпен жұмыс жасайды. Бұл үрдіс бұдан әрі қарай жалғасын табады деген сенімдеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив