«Өзін – өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік
Мейірімділік— адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті менлебізінбілдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағысыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді.Оқушылардың бойында «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтарын кеңейту мақсатында «Абай атындағы көпсалалы мектеп - гимназия» КММ – сінде «Өзін – өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өткізілді. Онкүндіктің барысында оқушылар іс – шараға ат салыса қатысты. Мектеп кітапханашысы «Мейірім төгетін ана» кітап көрмесі, «Алтын жүрек анамыз» оқырмандар конференциясын ұйымдастырды. Тарих пәнінің мұғалімі Асылбекова М.Е. 9 - сыныптар арасында «Жастардың бойында мейірімділік бар ма?» тақырыбында пікір таласып, өте жақсы деңгейде өткізілді. Ана, жақсылық, бейбітшілік, достық жайлы шығармашылық көрмеге оқушылар қолдан жасалған бұйымдарын қойды. Сынып жетекшілер «Мейірімділік – асыл қасиет», «Өнеге – отбасынан» атты тәрбие сағаттарын өткізді. Мектебіміздің музыкалық жетекшісі Кокашева Гүлдананың ұйымдастыруымен талантты өнерпаздардың қатысуымен «Ән көңілдің ажары» ән фестивалі ұйымдастырды. Қайырымдылық жасау мақсатында «Жүректен жүрекке» акциясын өткізді. Акция аясында аз қамтылған оқушыларға кеңсе тауарларымен, мектеп формасымен, аяқ киіммен көмек көрсетілді.
Осындай онкүндік арқылы жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарытуға қосқан үлесіміз деп ойлаймыз.