17
июнь
2022
жазғы демалыс лагерінің мұғалімдері оқушыларымен бірге туған жеріміздің тарихын жан-жақты тани түсу мақсатында Ортабұлақ ауылы іргесінде орналасқан Ер Жәнібек кесенесіне экскурсияға барды
"Балалар жылы" аясында 2022 жылдың 17 маусымында <<Балауса>> жазғы демалыс лагерінің мұғалімдері оқушыларымен бірге туған жеріміздің тарихын жан-жақты тани түсу мақсатында Ортабұлақ ауылы іргесінде орналасқан Ер Жәнібек кесенесіне экскурсияға барды. Саяхат барысында тарих мұғалімі Мейір Қайырғазұлы оқушыларға батыр туралы тарихи деректерді баяндап, бұл ескерткіштің тарихи маңыздылығын түсіндірді. Осындай танымдық экскурсиялар балаларға туған өлкеге деген сүйіспеншілікті оятып, олардың зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығын арттырады деп санаймыз. 


