24
июнь
2022
Балалар "Достық" және "Гүлдер" болып 2 топқа бөлініп, қауіпсіздік шараларымен тағы бір мәрте таныстырылды
Бүгін "Балалар жылы" аясында ұйымдастырылған мектеп жанындағы <<Балауса>> жазғы демалыс лагерінің екінші күні.
. Бүгінгі күні "Шынықсаң, шымыр боларсың" ұранымен таңертеңгілік сергіту жаттығуын жасады. Үйірме жетекшісі Садуакасова Ш.Т. бекітілген жоспарға сәйкес балалардың белсенділігін, қызығушылығын арттыратын "Математикалық жұмбақтар" логикалық ойынын өткізді.
Тәрбиешілер Шаханова А.С және Жолғазинова М.Ж "Біз табиғаттың жас қорғаушыларымыз" тақырыбымен балаларды табиғат аясына саяхатқа шығарып, соңынан балалардың қызығушылықтарына қарай "Денсаулық зор байлық" тақырыбында көңілді спорт ойындарын өткізді.

