23
июнь
2022
> жазғы демалыс лагерінің ІІ маусымы салтанатты түрде ашылды
"Балалар жылы" аясында "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы" КММ-нің мектеп жанындағы <<Балауса>> жазғы демалыс лагерінің ІІ маусымы салтанатты түрде ашылды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байсадыкова А.Ж оқушыларға жылы лебізін білдірді. Бүгінгі күн балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлайтын іс-шарадан бастау алып, түрлі қимылдық ойындармен жалғасын тапты. Мерекелік іс шарамызға ертегі әлемінің кейіпкерлері келіп, балалармен естелік фотосуреттерге түсті. Медбике Рахымбаева С. оқушыларды дәрумендердің пайдасымен таныстырды. Оқушылардың бір - бірімен тез тіл табысып, бірлесіп жұмыс жасап кетуіне көмектесу мақсатында лагерь жетекшісі Канафиева А., тәрбиешілер Шаханова А., Жолғазинова М. алғашқы күннен - ақ "Саңырауқұлақтар", "Көңілді шарлар" атты қимылдық ойындарды ойнатты. Әр ойынға белсене қатысқан оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқады. 


